KZ
KZ RU
17 шілде 2024 09:00
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

16-шы тур: Жаңаөзендегі басты матч

17 шілде 2024 09:00

17-19 шілде күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының 16-шы турында «Каспий» өз алаңында топ басындағы «Оқжетпеспен» күш сынаспақ.

 

17 шілде

                                                                                                                                         

«Ақжайық» - SD Family

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: «Ақжайық» стадионы (Орал қ.) 

Төрешілер: Бильдинов Михаил (Қарағанды), Мортин Никита, Бисекенов Әлім (екеуі де Ақтөбе)

Қосымша төреші: Аманкельдин Бекарыс (Орал)

Инспектор: Қызылбаев Бақыт (Ақтөбе)

Шілде айын өте қарқынды бастаған SD Family кезекті 3 ұпайын алу үшін Оралға аттанады. Ең көп гол соққан ұжым сырт алаңда «Ақжайықтың» кілтін таба ала ма екен? Биылғы маусымда қиындыққа ұшыраған алаң иелері жекелеген ойындарда қарсыластан да ұпайды жырып әкетуде. Командалардың бірінші матчында SD Family камбэк жасап кеткен болатын. Жеңіс екі тарапқа да өте маңызды.

 

«Тараз» - «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Жарылқасынов Самат, Арыстанбай Шыңғыс, Идрисова Динара (екеуі де Шымкент)

Қосымша төреші: Байымбет Сәкен (Тараз)

Инспектор: Шерменов Ахмет (Түркістан обл.)

Бірінші айналымда «Хан-Тәңірі» қанша шабуылдағанымен, сол күйі «Тараз» қорғанысын бұза алмаған болатын. Енді жамбылдықтар өз алаңында өзінен мықты ұжымнан еш тайсалмай ойнауға мүмкіндігі бар. Өйткені, жанкүйерлердің қызу қолдауы, футболшылардың жанкештілігі «Таразды» алға сүйрелейді. Ал турнир кестесінің 2-орынында тұрған алматылықтар ұпай жоғалтса, төменге құлдырауы әбден мүмкін.

 

«Каспий» - «Оқжетпес»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Жантуғанов Еркен (Қызылорда), Ысқақов Темірбек (Орал), Ташметов Сардар (Шымкент)

Қосымша төреші: Идрисов Сағадат (Ақтау)

Инспектор: Уфимцев Сергей (Алматы)

Қолда бар басымдылығын жіберіп алған «Каспий» бірінші айналымды небары 4-орынмен аяқтауға тура келді. Алайда бірнеше ұпай жоғалтқанымен, әлі кеш деп айтуға келмейді. Өйткені өз алаңында көшбасшыны жеңсе, қос клубтың арасын 1 ғана ұпай бөлмек. Түзде сәтсіздеу өнер көрсететін «Оқжетпес» бірнеше кездесу бойы өз қақпаларын аман сақтап келеді. Бірақ «Каспий» өз алаңында гол соқпай, тынбайтын ұжым екендігін де ескерген жөн.

 

18 шілде

 

«Қайрат-Жастар» - «Ұлытау»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Никлевич Владимир (Петропавл), Равдель Вячеслав, Авакянц Данила (екеуі де Орал)

Қосымша төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Богданов Олег (Семей)

Осы турдағы қызықты матчтардың бірі. «Қайрат-Жастардың» өз алаңында голдарды топырлататынын ескерсек, «Ұлытаудың» қорғанысы қысымға қаншалықты төтеп бере алады? Үш матч бойы алаңннан бос қайтпаған Шыңғыс Флюк өз командасына кезекті рет ұпай алып бере ала ма? Барлығын бейсенбі күні анықталады.

 

«Қайсар Жас» - «Түркістан»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Талапкеров Нариман (Орал), Оразбеков Айдос (Алматы), Шыңғысов Ерболат (Орал)

Қосымша төреші: Тілеуов Ерәділ (Қызылорда)

Инспектор: Мельников Максим (Ақтау)

Ұзақ уақыттан кейін сырт алаңда тең нәтижеге қол жеткізген «Қайсар Жастың» психологиялық басымдығы бар. «Түркістан» футболшылары қарсыласымен тең түссе де, соңғы минутта қақпаларына гол жіберіп алған болатын. Бірінші айналымда командалар 1 ұпайдан алғанымен, қызылордалықтар 90 минут басымдыққа ие болған еді. Олар өз алаңында «Түркістанға» гол соға ала ма екен?

 

19 шілде

 

«Арыс» - «Алтай»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Арыс қ.)

Төрешілер: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы), Жүсіпов Амангелді (Тараз), Сәрсен Нұрлан (Шымкент)

Қосымша төреші: Халилов Мұрадбек (Шымкент)

Инспектор: Жаппасбаев Серік (Қызылорда)

Ірі жеңілістерге ұшырап жүрген «Арыстың» сәтсіздігі қаншалықты созылатын белгісіз. Бірақ «Алтай» сынды командадан оңайлықпен жеңіле салмайтындығы белгілі. Вахид Масудов болса, өскемендіктермен алғашқы 3 ұпайын алып кетуге тырысады. Бірінші айналымда «Арыс» фаворит саналып, керемет соққымен түзде жеңіске жеткен еді. Енді жағдай керісінше болып тұр.

 

«Жетісай» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Стадион: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Жұмашев Нұржан (Қызылорда), Мыңбаев Әлішер, Нұрлан Әділет (екеуі де Қаратау)

Қосымша төреші: Мусалы Сейтмагзум (Түркістан обл.)

Инспектор: Камчатный Геннадий (Алматы)

Бірінші айналымда «Жетісайға» бұл қарсыласпен ойнау оңайға түспеген. Тек екі пенальтидің арқасында жеңіске жетті. Ал өткен турда «Ақтөбе Ж» күтпеген жерден «Каспийді» жеңіп, оралдықтарды басып озған еді. Сол жеңіс командаға ерекше серпін берді. Командалық рух, жігер сырт алаңда көмектесе ме екен? Әлде ашулы «Жетісай» барлық мәселені бірінші таймда шешіп тастай ма?