KZ
KZ RU
25 шілде 2024 11:03
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

17-ші тур: Голдар шеруін күтеміз бе?

25 шілде 2024 11:03

25-26 шілде күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының 17-ші турында ең көп гол соғып келе жатқан SD Family мен «Қайрат-Жастар» ұжымдары кездеседі.

 

25 шілде

 

«Екібастұз» - «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Ысқақов Марат (Астана), Конивец Артем (Қарағанды), Дышкант Дмитрий (Талдықорған)

Қосалқы төреші: Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

Инспектор: Қарлыбаев Болат (Орал)

Командалардың арасын бірнеше ұпай бөліп тұрғанымен, осы турдағы орталық матчтың бірі деуге болады. Себебі, «Екібастұз» клубы өз алаңында бір ғана мәрте есе жіберіп, қалғандарында сәтті өнер көрсетті. Оның үстіне 17 жастағы Тамерлан Агиманов бірінші айналымның қорытындысы бойынша бағасы ең көп өскен футболшы ретінде танылды. Трансфер кезеңінде де біршама ойыншыларды қатарға қосуда. Бірақ алаң иелерінің бір кемшілігі — 2 аптадан кейін ғана қайта доп теппек. «Хан-Тәңірінің» сырт алаңда астаналықтарға есе жібергенін ескерсек, екібастұздықтардың да қарсылық көрсетуі әбден мүмкін.

 

«Оқжетпес» - «Арыс»                                                                                                  

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Тұрсымбаев Тимур (Астана), Мақатов Талғат (Петропавл)

Қосалқы төреші: Кучма Антон (Көкшетау)

Инспектор: Мухамедьяров Шараф (Семей)

Бұл матчқа командалар мүлдем басқа күйде барады. «Оқжетпес» 7 матч бойы қарсыластарын жеңіп келе жатса, «Арыс» 8 кездесу қатарынан жеңілістің ащы дәмін татып келеді. Бірінші айналымдағы ойында «Арыстың» 2:0 есебімен жеңгенін ескерсек, көкшетаулықтарға 3 ұпай алумен қатар, кеткен есені қайтару да маңызды.

 

«Қайсар Жас» - «Жетісай»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Попов Сергей, Хамзин Дархан (екеуі де Астана), Жанпейіс Ермек (Алматы)

Қосалқы төреші: Жұмашев Нұржан (Қызылорда)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Екінші айналым басталғалы бері «Жетісайдың» бастапқыдай қарқыны білінбейді. Өткен турда турнирдің басты аутсайдері – «Ақтөбе Ж» ұжымын әрең жеңді. Осы жолғы түздегі кездесу де оңайға соқпасы белгілі. Себебі, қызылордалықтар өз жасыл алаңында тек «Таразға» есе жіберіп, қалған матчтардың барлығында ұпай алды. Турнир кестесінің төменгі бөлігінде келе жатқанымен, «Қайсар Жас» 3-ші орында келе жатқан жетісайлықтарға қарсылық көрсететіні анық.

 

26 шілде

 

«Ұлытау» - «Каспий»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Стадион: «Металлург» (Жезқазған)

Төрешілер: Ноженко Сергей, Субботин Максим (екеуі де Талдықорған), Шепелев Владимир (Сарань)

Қосалқы төреші: Филатов Иван (Саран)

Инспектор: Көпжасар Бейбіт (Қызылорда)

«Каспий» клубы 1XBET QFL Лига кубогында OLIMPBET QFL Премьер-лиганың 2 бірдей ұжымын жеңіп, жақсы әсер қалдырғанымен, ішкі чемпионатта 3 рет қатарынан есе жіберді. Салдарынан тәжірибелі Владимир Никитенко бас бапкерлік қызметінен босатылды. Енді осы турда олар жаңа жаттықтырушымен алаңға шығады. Алайда Жезқазған жерінде қонақтарға оңайға соға қоймас. Себебі, командалардың ұпайы тең және «Ұлытау» өз алаңындағы кейінгі 5 матчтың төртеуінде жеңіске жеткен.

 

SD Family – «Қайрат Жастар»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Sydykbek Arena стадионы (Астана)

Төрешілер: Аманкелді Бекарыс (Орал), Мейірбаев Асылан, Проскуряков Илья (екеуі де Өскемен)

Қосалқы төреші: Гариев Эмиль (Астана)

Инспектор: Исаев Кеңесбек (Қызылорда)

1XBET QFL Бірінші лигасында ең көп гол соққан қос ұжымның ойыны өте тартысты өтетініне күмәніміз жоқ. Естеріңізде болса, бірінші айналымда Алматыдағы матч 3:3 есебімен аяқталған болатын. Қорғаныстан қарағанда шабуылға көп мән беретін ұжымдар осы жолы да жанкүйерлерге жарқын эмоция сыйлайтынына сенеміз.

 

«Ақтөбе Ж» - «Алтай»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: ОМБЖОРСМ стадионы (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Талапкеров Нариман (Орал), Үсенбаев Нұрхат, Әліқұлов Ержан (Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Мұрзабеков Мейрамбек (Қызылорда)

Бірінші айналымда «Алтай» клубы дәл осы «Ақтөбе Ж» командасын 4:1 есебімен басым түсіп, маусымдағы алғашқы жеңістерін тіркеген болатын. Сол жеңіс өскемендіктерге жігер беріп, содан бергі 7 матчтың біреуінде ғана есе жіберді. Ал ақтөбеліктер басты фаворит «Каспийді» жеңіп кеткен соң, ешбір қарсыластан қорықпайтынына куә болудамыз. Алаң иелері жігерлі футбол көрсеткенімен, «Алтай» бәрібір де фаворит ретінде қала бермек.

 

«Ақжайық» - «Тараз»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Ақжайық» стадионы (Орал қ.) 

Төрешілер: Ахметов Алмаз, Оразбеков Айдос (екеуі де Алматы), Құсайынов Исламхан (Атырау)

Қосалқы төреші: Құстаев Диас (Орал)

Инспектор: Кистер Игорь (Ақтөбе)

Бір аптаның ішінде «Ақжайық» клубы мүлдем өзгеріп, 2 рет қатарынан жеңісті тойлады. Жанкүйерлердің қолдауы, жергілікті жастардың намысқа тырысуы әзірше өз жемісін беруде. Бірақ бұл қашанға дейін созыла бермек? Осы маусымда 2 рет айласын асырған жамбылдықтар тағы да 3 ұпаймен қайта ма екен?