KZ
KZ RU
15 шілде 2024 17:14
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

1XBET QFL Бірінші лигасының алғашқы айналымы қалай өтті?

15 шілде 2024 17:14

Өткен аптада 1XBET QFL Бірінші лигасының 15-ші туры мәресіне жетті. Осы орайда сіздерге бірінші айналымның көрсеткіштерін ұсынамыз.


- Көкшетаулық «Оқжетпес» клубы 15-ші турдағы жеңісінің арқасында бірінші рет топ бастап, алғашқы айналымда көшбасшы болды.


- Бірінші айналымда жалпы саны – 311 голдың куәсі болып, SD Family 38 голмен бірінші тұрса, «Ақжайық» небары 10 мәрте қарсылас қақпасының кілтін тапты.


- Ең көп 8  гол соғылған матчтар: «Каспий» - «Хан-Тәңірі» (3:5) және «Жетісай» - «Қайрат-Жастар» (6:2).


- Ең көп жанкүйер жиналған 2 ойын: «Тараз» - SD Family (5 200 жанкүйер) және «Оқжетпес» - «Хан-Тәңірі» (4 000 жанкүйер)


- Бірінші айналымда «Ақтөбе Ж» командасының қорғаушысы Рүстем Габдрахманов «Хан-Тәңіріне» қарсы ойында еншісіне 2 автогол жазды.


- Ең аз 12 гол 3-ші турда тіркелді.


- 8-ші турда 49 сары қағаз көрсетіліп, 5 футболшы алаңнан қуылды.


- Бірінші айналымда бағасы қымбаттаған ТОП-3 футболшы: Тамерлан Агиманов («Екібастұз») – 100 мың еуроға қымбаттады, Ринат Серікқұл («Жетісай») – 75 мың еуроға қымбаттады, Глеб Валгушев («Қайрат-Жастар») – 75 мың еуроға қымбаттады.


- Маусым айының аяғында «Жетісай» ойыншысы Бекнұр Рысқұл еуропа чемпионатына ауысты. 26 жастағы жартылай қорғаушы черногориялық «Единство» клубының ойыншысы атанды.


- Бірінші айналымда Диас Қалыбаев («Хан-Тәңірі») пен Бауыржан Тұрысбек («Ұлытау») 7 голмен ең үздік сұрмерген атағын бөлісіп тұр. Диас үшін 7 гол соғуға 16 дәл соққы қажет болса, Бауыржанға 7 рет гол соғуға 10 дәл соққы жеткілікті болды.


- Ең көп 51 соққыны «Қайсар Жас» қақпашысы Нұрмат Сарсенов қайтарды. Алайда өз қақпасына 28 гол өткізіп алды.


- Бірінші айналымның қорытындысы бойынша, 488 сары қағаз, 29 қызыл қағаз көрсетілді. Оның ішінде «Ұлытауға» 41 ескерту беріліп, 2 ойыншысы алаңнан қуылды.


- Бекзат Құрманбекұлына («Қайсар Жас») ең көп 8 сары қағаз көрсетілді.


- Ең көп 10 ескерту 9 мамыр күні «Оқжетпес» пен «Алтай»арасындағы кездесуде тіркелді.


- Ең көп 244 рет сәтті дриблинг жасаған клуб – «Қайрат-Жастар». Бірақ ең көп сәтті дриблингтің авторы «Қайсар-Жас» футболшысы Саят Бақтыбайға тиесілі.


- Жалпы 33 мәрте пенальти белгіленіп, 29-ы сәтті орындалған. «Каспийдің» пайдасына ең көп 7 пенальти беріліп, оның 5-уі сәтті қолданды. «Ақжайық» пен «Түркістанның» пайдасына пенальти белгіленбеді.


- Ең көп 87% (660) дәл пас берген футболшы – Карам Сұлтанов («Екібастұз»).


Айта кетейік, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының екінші айналымы 17-ші шілдеде басталады.