KZ
KZ RU
05 шілде 2024 09:55
1ХВЕТ ЛИГА КУБОГЫ

2-ші тур аңдатпасы: «Каспий» кезекті рет сенсация жасай ма?

05 шілде 2024 09:55

5-7 шілде күндері аралығында 1XBET QFL Лига Кубогының 2-ші тур ойындары өтеді.

 

5 шілде

 

«Тұран» - «Атырау»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Мыңбаев Әлішер (Каратау), Филоненко Дмитрий (Тараз)

VAR төрешісі: Байымбет Сәкен (Тараз)

AVAR төрешісі: Ысқақов Марат (Астана)

Қосалқы төреші: Орунбаев Илашбек (Түркістан обл.)

Инспектор: Юмашев Эдыген (Астана)

Осы аптада ғана OLIMPBET QFL Премьер-лигада кездесіп, тартысты ойында «Тұран» клубы жеңіске жеткен еді. Енді араға 3 күн салып, командалар дәл сол стадионда жолығады. 1XBET QFL Лига кубогының жартылай финалына 1 ғана ұжымның шығатынын ескерсек, «Тұранның» мүмкіндігі өте аз. Ал атыраулықтар үшін әлі ешнәрсе шешілмеді. Оларға тек қана жеңіс қажет. Қонақтар чемпионаттағы есені қайтара ала ма екен?

 

6 шілде

 

«Тобыл» - «Ақтөбе»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Қостанай қ.)

Төрешілер: Омаров Рустам (Алматы), Филипчук Евгений, Ташметов Сардар (екеуі де Шымкент)

VAR төрешісі: Измайлов Денис (Талдықорған)

AVAR төрешісі: Навроцкий Иван (Астана)

Қосалқы төреші: Гриценко Иван (Қостанай)

Инспектор: Бақберген Исағали (Шымкент)

Маусымдағы ең нәтижелі матчты сыйлаған қос ұжым енді жаңа турнирде мықтыны анықтамақ. Кездесу Қостанайда өтсе де, «Ақтөбе» клубы фаворит. Себебі, бірінші турда «Тобыл» командасы жастарына мүмкіндік беріп, бастысы тәжірибе дегенді аңғартқан болатын.

 

«Қайсар» - «Жеңіс»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда қ.)

Төрешілер: Ноженко Сергей (Талдықорған), Мортин Никита (Ақтөбе), Сайдуллаев Мансур (Қарағанды)

VAR төрешісі: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау)

AVAR төрешісі: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Жақсылық Төребек (Қызылорда)

Инспектор: Доскеев Нұржан (Алматы)

1XBET QFL Лига кубогы ортаңқол командалардың өздерін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Бірінші турда «Жеңіс» соны дәлелдеп, негізгі құраммен «Тобылдан» айласын асырған болатын. Ал қызылордалықтар сырт алаңда «Ақтөбеге» есе жіберді. Сондықтан «Қайсарды» бұл кездесуде тең есеп те қанағаттандырмайды. OLIMPBET QFL Премьер-лигадағы теке-тіресте алаң иелері «Жеңісті» 1:0 есебімен жеңген болатын.

 

«Ордабасы» - «Елімай»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Қарабаев Саят (Астана), Айжігітов Ғалымжан (Қызылорда), Дауанов Ардақ (Алматы)

VAR төрешісі: Чеховский Георгий (Астана)

AVAR төрешісі: Панин Максим (Қостанай)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Гриджан Юрий (Алматы)

Бұл ұжымның қай жеңгені шамамен плей-оффқа өтуі әбден мүмкін. Алайда бұл турнир командалар үшін қаншалықты маңызды? «Ордабасы» бар күшін сала ма? Әлде еурокубокқа дайындалу үшін қосалқы футболшыларын шығара ма? 5 матч бойы жеңістің дәмін сезбей келе жатқан «Елімайға» бұл жеңіс плей-оффтан бөлек, психологиялық жағынан да басымдық беретіні сөзсіз.

 

7 шілде

 

«Ақжайық» - «Тараз»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Ақжайық» стадионы (Орал қ.) 

Төрешілер: Бильдинов Михаил, Русяев Алексей (Қарағанды), Филатов Иван (Сарань)

Қосалқы төреші: Тевяшов Денис (Орал)

Инспектор: Жуковский Геннадий (Ақтөбе)

1XBET QFL Лига кубогында ойсырай жеңілген «Ақжайық» сол матчтан кейін Бірінші лиганы сәтсіз өткеруде. «Тараз» бірінші турда «Қызылжарға» қарсылық көрсеткенімен, соңғы минуттарда гол өткізіп алды. Сол жеңілістер 1XBET QFL Бірінші лиганың командаларының плей-оффқа шығуын қиындатты. Қос команда осы маусымда бір рет кездесіп, «Тараз» 3:1 есебімен сенімді жеңіске жеткен болатын. Осы жолы қалай болар екен?

 

«Қызылжар» - «Қайрат»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Қарасай» стадионы (Петропавл)

Төрешілер: Қумашев Тимур (Астана), Кольев Евгений (Павлодар), Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

VAR төрешісі: Тасыбаев Айдын (Астана)

AVAR төрешісі: Жүнісов Нұржан (Астана)

Қосалқы төреші: Бейжанов Рустам (Петропавл)

Инспектор: Қызылбаев Бақыт (Ақтөбе)

Әли Әлиев үшін «Қайратқа» қарсы ойыны үнемі қызықты өтеді. Командалар да бірінші турда жай ғана қатысу үшін келмегені көрінді. Қай команда жеңіске жетеді, сол жартылай финалға өтеді деген сөз. Жеңіс пен жеңілістің құны өте жоғары.

 

«Шахтер» - «Жетісу»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Павлов Александр, Арынханов Нұрдәулет (екеуі де Алматы)

VAR төрешісі: Суликанов Саят (Ақтөбе)

AVAR төрешісі: Долгих Алексей (Павлодар)

Қосалқы төреші: Ахвердиев Акбар (Саран)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

1XBET QFL Лига кубогында бұл топтан әлі кімнің шығатыны белгісіз. Басты фаворит саналған «Астана» бірінші турда ұпай жоғалтып, 1XBET QFL Бірінші лиганың ұжымы сенсациялық жеңіске жеткен болатын. Енді «Шахтер» сол ащы жеңіліс үшін өз көрермендерінің алдында айыбын жуа ала ма? Әлде OLIMPBET QFL Премьер-лигадағы өте қиын жағдайын ескеріп, қосалқы футболшыларын шығара ма? Қанжығасында 3 ұпайы бар «Жетісу» Қарағандыға тек қана жеңіс үшін келетіні түсінікті.

 

«Астана» - «Каспий»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Ткачев Кирилл, Тергеусізов Самат, Васютин Сергей (барлығы Алматы)

VAR төрешісі: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы)

AVAR төрешісі: Сорокопудова Татьяна (Қарағанды)

Қосалқы төреші: Шабанов Алексей (Алматы)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

Елордалықтар психологиялық қиындықтарын жеңу үшін, бірінші турда бар мықтыларын шығарған болатын. Бірақ соның өзінде Талдықорғанда ұпай жоғалтты. Одан бері қаншама уақыт өтсе де, «Астана» әлі тұрақтала алмай жатыр. «Каспийге» тең есеп те жеткілікті. Себебі, барлық мәселе 3-ші турда өз алаңында «Жетісуге» қарсы матчта шешілетіні түсінікті.