KZ
KZ RU
13 қыркүйек 2024 15:55
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

20-шы тур аңдатпасы: Түркістанға үлкен футбол оралады

13 қыркүйек 2024 15:55

14-15 қыркүйек күндері аралығында OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 20-шы туры өтеді. Тур аясында «Тұран» клубы «Түркістан Аренада» қарағандылық «Шахтер» клубын қабылдайды.

 

14 қыркүйек

 

«Жеңіс» - «Қайсар»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды қ.)

Төрешілер: Кучма Антон (Көкшетау), Панин Максим, Гриценко Иван (оба Қостанай)

VAR төреші: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы)

AVAR төреші: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Хисамутдинов Игорь (Павлодар)

Турнир кестесінің жоғарғы жағында болмаса да, қос клубтың кездесуі тартысты өтпек. «Қайсар» осы маусымда біраз мықтыларды састырғанымен, «Жеңіске» қарсы ойындар оңайға түспеуде. Бірінші айналымда қызылордалықтар басым түссе де, қонақтар қарсыластан әлдеқайда көп соққы жасады. Астаналықтар қауіпті аймаққа жақын тұрғанымен, жазғы трансферлік кезеңде біршама футболшыларын ауыстырды. Нәтижесі де жаман емес. Ішкі біріншілікте қарсыластарға оңайлықпен жеңілмесе, 1XBET QFL Лига кубогында финалға өтуі әбден мүмкін. «Қайсар» командасы кейінгі 6 матчта әлі есе жібермеді. Әйтсе де еурокубок аймағынан алыс тұр. Бұл жеңіс «Жеңісті» ұшу аймағынан алыстатса, «Қайсар» ТОП-3-ке жақындауына мүмкіндік тумақ.

 

«Астана» - «Қызылжар»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Хан-Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Тевяшов Денис (Орал), Орынбаев Илашбек (Түркістан обл.), Лесив Станислав (Семей)

VAR төреші: Омаров Рустам (Алматы)

AVAR төреші: Лабашов Денис (Атырау)

Қосалқы төреші: Шабанов Алексей (Алматы)

Инспектор: Бублинский Алексей (Қарағанды)

OLIMPBET QFL Премьер-лигада ең аз 14 кездесу өткізген «Астана» турнир кестесінде небәрі 8-сатыда тұр. Әрине, егер барлық матчында жеңіске жетсе, көш басына шығатыны түсінікті. Алайда ол үшін алдымен ұпайдан шашау шығармауы керек. Алдағы турда «Астана» футболшылары Әли Әлиевтің шәкірттерін қабылдамақ. Бір ерекшелігі - елордалықтар өз алаңында «Қызылжарға» қарсы 7 матчта да басым түскен. Осы фактор алаң иелерін фаворит ететіндігі түсінікті. Жалпы қонақтар әлі тұрақты түрде өнер көрсетіп жатыр деп айтуға келмейді. Қостанайдағы ойында «Тобылды» 1:2 есебімен жеңіп кеткендігін ескерсек, қонақтарды да ескерусіз қалдыруға болмайды.

 

«Тұран» - «Шахтер»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Түркістан Арена» стадионы (Түркістан қ.)

Төрешілер: Чеховский Георгий (Астана), Жүсіпов Амангелді (Тараз), Мағау Наргис (Алматы)

VAR төреші: Байымбет Сәкен (Тараз)

AVAR төреші: Васютин Сергей (Алматы)

Қосалқы төреші: Халилов Муродбек (Шымкент)

Инспектор: Жуковский Геннадий (Атырау)

«Тұран» клубы осы маусымда алғаш рет Түркістан қаласындағы стадионда доп тебеді. Бұған дейін Шымкентте ойнап келген футболшыларды жанкүйерлері ыстық құшақпен қарсы алары сөзсіз. Құрамы жағынан әлсіреген, ойын ырғағын жоғалтқанымен, алаң иелері тек жеңіске ұмтылады. Себебі, бұл қатардағы матч емес. OLIMPBET QFL Премьер-лигада жан сақтау үшін өтетін қиян-кескі шайқас болмақ. «Шахтер» клубының осы маусымдағы екінші бапкері Андрей Финонченко да қарағандылықтарға көмектесе алмаған соң, отставкаға кетуге мәжбүр болды. Енді алдағы кездесуде Константин Емельяновқа үлкен сенім артылмақ. Қазіргі сәтте «Шахтер» түзде өткізген 8 матчта да ұпай ала алмаған. Енді сол сәтсіз серияны тоқтата ала ма екен?

 

15 қыркүйек

 

«Елімай» - «Тобыл»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей қ.)

Төрешілер: Сариев Болат (Орал), Сысоев Антон (Көкшетау), Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

VAR төреші: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR төреші: Белоградов Дмитрий (Павлодар)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

«Елімай» әлі де өз стадионында қарсыласқа есе жіберер емес. Әйтсе де алдағы орталық ойын қос клубқа да оңай соға қоймас. ТОП-3-те тұрған семейліктер кезекті жеңісіне жетіп, жүлдеге бәсекелестікті одан әрі жалғастырса, қонақтарға жеңілуге болмайды. Ислам Чесноковтың шеберлігі арқасында кейінгі кездесуде ұпай алып жүрген «Тобыл» да жауапсыз қалай қоймас. Былтыр Қазақстан кубогы арқасында еурокубокқа шыққан қостанайлықтардың енді тек OLIMPBET QFL Премьер-лигадан басқа амалы жоқ. Құрамы жағынан да ешкімге есе жібермейді. Ал «Елімай» 3 жеңіс сериясымен келетіндіктен, тағы да маңызды 3 ұпай иеленуге барын салары сөзсіз. Бірінші айналымда қос команда 6 гол соғып, «Тобыл» 4:2 есебімен басым түскен. «Спартак» стадионында да голдар шеруіне куә боламыз ба?

 

«Ақтөбе» - «Жетісу»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Затула Александр (Өскемен), Кольев Евгений (Павлодар), Быстров Дмитрий (Қарағанды)

VAR төреші: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау)

AVAR төреші: Калачев Сергей (Атырау)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Тусеев Бағдат (Астана)

«Ақтөбе» өз алаңында «Елімайға» қарсы өткен кездесуде 1:3 есебімен жеңілген соң, бас бапкер Дмитрий Парфенов қызметін босатуына тура келді. Жалпы «Ақтөбе» кейінгі 4 кездесуде жеңіске жете алмай жүр. Енді Қобыланды батыр атындағы стадионда сәтсіздік сериясын тоқтататын сәт туып тұр. Себебі, «Жетісудің» маусым басындағыдай керемет қарқыны жоқ. Өткен турда «Жетісу» жанкүйерлерінің алдында «Тұранға» гол соға алмай, шабуыл шебінде мәселе бар екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Енді Ақтөбе қаласында тең нәтижеге қол жеткізу де өте қиын болмақ.

 

«Ордабасы» - «Атырау»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент қ.)

Төрешілер: Тасыбаев Айдын (Астана), Серікболов Данияр (Семей), Жүнісов Нұржан (Астана)

VAR төреші: Сахи Данияр (Қызылорда)

AVAR төреші: Тергеусізов Самат (Алматы)

Қосалқы төреші: Ташметов Сардар (Шымкент)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

Қос ұжым осы маусымда 2 мәрте жолығып, Атыраудағы кездесулер тең есеппен аяқталған. Бірақ Шымкент төріндегі ойындарда алаң иелері жиі басым түсіп тұрады. Клубқа келген жаңа бапкер Кирилл Кекер өз жанкүйерлері алдында тағы да жеңіле қоймасы анық. Турнир кестесінде 4-орында тұрса да, топ басындағы «Қайраттан» 2 ұпай ғана қалып тұр. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадиондағы жеңіс қайта чемпиондыққа таласуға мүмкіндік береді. 4 ойын бойы жеңілмей келе жатқан «Атыраудың» тағы да қарсыласуға шамасы жете ме екен?