KZ
KZ RU
18 қазан 2024 15:32
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

23-ші тур аңдатпасы: «Елімай» өз алаңындағы ойындарын жеңіліссіз аяқтай ала ма?

18 қазан 2024 15:32

19-20 қазан күндері аралығында OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 23-ші тур ойындары өтеді.


19 қазан


«Жеңіс» - «Жетісу»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды қ.)

Төреші: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау), Лесив Станислав, Серікболов Данияр (екеуі де Семей)

VAR төреші: Сахи Данияр (Қызылорда)

АVAR төреші: Бельский Евгений (Тараз)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Гриджан Юрий (Алматы)

«Жетісу» өткен турда күтпеген жерден чемпиондыққа үмітті «Елімайды» ұтып кетті. Бұл жайт талдықорғандықтарды менсінбей қалмауға болатындығын көрсетті. Өйткені көпшілік бірнеше матч бойы сәтсіздіктен көз ашпаған Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттерінен бұндай ерлікті күтпеген еді. Иә, команда сапында тұрақты гол соғатын ойыншы жоқ. Бұл мәселе қонақтарды алаңдатуы тиіс. Бірақ жеңілген жағдайда да ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Өз кезегінде «Жеңіс» клубы турнирде 4 матч бойы қарсыластар қақпасынан саңылау тауып келеді. Алдағы ойында да 1-2 гол жеңімпаз тағдырын анықтауға жеткілікті болуы мүмкін. Өте қиын күнтізбені бастан өткерсе де, астаналықтар айқын фаворит саналған «Астана», «Тобылдан» ұпай алып кетті. Алдағы кездесуде де алаң иелері қағаз жүзінде фаворит.


«Қайрат» - «Тұран»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы қ.)

Төреші: Тевяшов Денис (Орал), Панин Максим (Қостанай), Гриценко Иван (Қостанай)

VAR төреші: Сариев Бoлат (Орал)

АVAR төреші: Бейжанов Рустам (Петропавл)

Қосалқы төреші: Шабанов Алексей (Алматы)

Инспектор: Хисамутдинов Игорь (Павлодар)

Чемпиондықтан үмітті «Қайрат» өз алаңында міндетті түрде «Тұранды» жеңуге тиіс. Егер олай болмаған жағдайда, тіпті еурокубокқа да шығу қиындамақ. Қарсыласты азулы деп айтуға келмес. Өз жанкүйерлерінің алдында ғана барын салатын түркістандықтар сырт алаңда өте сәтсіз өнер көрсетіп жүр. Оның үстіне көп жағдайда «Тұран» қақпашысы соққыларды қайтарып, ұпай алуға үлкен үлес қосуда. Трансферлік кезеңде біршама көшбасшы футболшылар клубтан кетуге шешім қабылдағандары да бар. Көп шабуылдайтын Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері әйтеуір 1 гол соғатыны анық. Командалар осы маусымда екі мәрте жолығып, алматылықтар OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында 3:0 есебімен жеңгенімен, Шымкенттегі кездесуде гол соғылмаған.


«Тобыл» - «Ордабасы»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Тобыл Арена» (Қостанай қ.)

Төреші: Чеховский Георгий (Астана), Лабашов Денис (Атырау), Карлов Евгений (Павлодар)

VAR төреші: Қарабаев Саят (Астана)

АVAR төреші: Калачев Сергей (Атырау)

Қосалқы төреші: Ысқақов Санжар (Қостанай)

Инспектор: Құсайынов Елеш (Астана)

Өткен турда «Жеңістен» есе жіберген қостанайлықтар еурокубок жолдамасын алу мүмкіндігін қатты төмендетіп алды. Теориялық тұрғыдан әлі де мүмкіндіктері болғанымен, ендігі тағдыры тұрақты жеңістен бөлек, қарсыластың ұпай жоғалтуына да байланысты болмақ. Қос команда осы маусымда ресми 2 рет жолықты. Турнир кестесінің басында тұрған «Ордабасы» чемпиондық атақтарын қорғап қалғысы келсе, тек қана жеңіске жетуі тиіс. Қос ұжымды да тең есеп қанағаттырмайды. Командалар сапында ойын тағдырын шешіп кететін футболшылар жетерлік. «Тобыл» өз үйінде сәтті өнер көрсетсе, шымкенттіктер де сырт алаңда оңайлықпен жеңіле беретін ұжымдардың қатарынан емес.


 20 қазан


«Қызылжар» - «Атырау»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Жастар» стадионы (Петропавл қ.)

Төреші: Байымбет Сәкен (Тараз), Тихонюк Юрий (Ақтөбе), Быстров Дмитрий (Қарағанды)

VAR төреші: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы)

АVAR төреші: Навроцкий Иван (Астана)

Қосалқы төреші: Пучков Станислав (Петропавл)

Инспектор: Доскеев Нұржан (Алматы)

Бұл ойын турнирлік кесте жағынан айтарлықтай өзгеріс жасамайды. Алайда психологиялық жағынан Әли Әлиевтің футболшылары үшін маңызды. Себебі, команда кейінгі бес матчта да есе жіберген. Гол соғу көрсеткіштері төмен. Қорғаныс шебі де тұрақты емес. Бұл кездесуде қонақтар фаворит болғанымен, қос команданың кейінгі 6 кездесудің біреуінде ғана «Атырау» жеңіске жеткен. Атыраулықтар Петропавлдағы сәтсіздігін тоқтата ма екен? Әлде алаң иелері ұпай ала ма?


«Елімай» - «Астана»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей қ.)

Төреші: Омаров Рустам, Васютин Сергей, Тергеусізов Самат (барлығы да Алматы)

VAR төреші: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

АVAR төреші: Долгих Алексей (Павлодар)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Салий Павел (Өскемен)

Осы турдағы көпшілік асыға күтетін орталық матч. Жанкүйерлерге лық толы «Спартак» стадионда «Елімайды» фаворит деуге келмейді. Осы маусымда өз алаңында әлі жеңілістің дәмін татпаған семейліктер өздерінен әлдеқайда тәжірибелі қарсыласты қабылдамақ. Жеңіс пен жеңілістің құны өте жоғары. Себебі, ұпай жоғалтқан команда еурокубок үмітімен де қоштасып қалуы мүмкін. «Елімай» клубының бір артықшылығы - ұлттық құраманың ойындарынан кейін сәл естерін жинауға мүмкіндіктері болады. Ал елордалықтар сәрсенбі күні ғана кейінге шегерілген «Шахтермен» жолықты. Алдағы аптада Конференция лигасы да күтіп тұр. Бірақ клуб ел чемпионатына басты назар аударатындығын ресми мәлімдеген еді. Сондықтан ақтық ысқырық шалынғанша, жан алысып, жан беріскен матчқа куә боламыз деген сенімдеміз. Осы маусымда командалар 3 рет кездесіп, OLIMPBET QFL Премьер-лигада «Елімай» үстем болса, 1XBET QFL Лига кубогының жартылай финалында «Астана» айласын асырған.


«Қайсар» - «Шахтер»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда қ.)

Төреші: Тасыбаев Айдын (Астана), Филоненко Дмитрий (Тараз), Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

VAR төреші: Ноженко Сергей (Талдықорған)

АVAR төреші: Орынбаев Илашбек (Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Жұмашев Нұржан (Қызылорда)

Инспектор: Дүзмамбетов Руслан (Өскемен)

OLIMPBET QFL Премьер-лиганың тарихында алғаш рет ұшуға жақын тұрған «Шахтер» жеңілсе, ресми түрде 1XBET QFL Бірінші лигаға төмендейді деуге болады. Тіпті қалған ойындарда жеңіске жеткеннің өзінде басты қарсыластары да ұпай жоғалтуы тиіс. Соңғы турларда қос команда да сәтсіздікті бастан өткеруде. «Қайсар» маусым барысын сәтті өткізгенімен, турнир кестесінде қатты жоғары көтеріле алмайды. Виктор Кумыковтың шәкірттері тек өз жанкүйерлерінің алдында көрермендерге жеңіс сыйлауға тырысатындықтары анық.