KZ
KZ RU
24 мамыр 2024 13:18
1ХВЕТ ЛИГА КУБОГЫ

25 мамырда 1ХВЕТ QFL Лига Кубогы басталады: алғашқы тур аңдатпасы

24 мамыр 2024 13:18

25 мамыр мен 24 қараша аралығында 1ХВЕТ QFL Лига Кубогы өткізіледі. Жаңа кубок үшін еліміздің 15 өңірінен 16 мықты клуб таласады. Олар ел футболындағы ең үлкен жалпы жүлде қоры - 1 миллион долларды сарапқа салады. Бәсеке 3 кезеңнен (топтық кезең, жартылай финал және финал) тұрып, жанкүйерлер 29 тартысқа толы матчқа куә болады. Назарларынызға топтық кезеңнін 1-ші тур аңдатпасын ұсынамыз.

 

25 мамыр

 

«Жеңіс» - «Тобыл»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Байымбет Сәкен (Тараз), Мортин Никита (Ақтөбе), Быстров Дмитрий (Қарағанды)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR  төрешісі: Карлов Евгений (Павлодар)

Қосалқы төреші: Бурдейный Андрей (Қарағанды)

Инспектор: Уфимцев Сергей (Алматы)

OLIMPBET QFL Премьер-лигасының өткен турында ғана Қарағанды қаласында есе жіберген «Тобыл» клубы кезекті рет ат басын бұрады. Бірақ бұл жолғы қарсылас – «Жеңіс». Қостанайлықтар осы маусымда 4-ші рет мәрте Астананың командасымен шеберлік байқасады. Премьер-лигада «Астана» және «Жеңіспен» тең түссе, OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында «Астанадан» басым түсті. Осы жолы да «Тобыл» фаворит. Кубокта қарсылас шыдатпайтын «Тобылдың» 3 турнирде таласуға мүмкіншілігі жете ме екен?

 

«Атырау» - «Ордабасы»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)

Төрешілер: Қарабаев Саят, Навроцкий Иван, Тұрсымбаев Тимур (бәрі Астана)

VAR төрешісі: Нұрмустафина Эльвира (Алматы)

AVAR  төрешісі: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Волков Артем (Атырау)

Инспектор: Құсайынов Елеш (Астана)

Әдеттегідей «Атырау» өз алаңында фавориттерден ұпай алуын жалғастыруда. 2 аптаның ішінде «Қайрат» пен «Астанадан» айласын асырды. «Ордабасымен» өткен матчта соңғы минутта есепті теңестірді. Енді командалар қайтадан Атыраудың стадионында шеберлік байқасады. «Атыраудың» ел чемпиондарынан ерекшелігі – 3 фронтта жарысты жалғастырып жатыр.

 

«Елімай» - «Тұран»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Есмұратов Арман (Астана), Жақсылық Төребек, Ахметов Азамат (екеуі де Қызылорда)

VAR төрешісі: Измайлов Денис (Талдықорған)

AVAR  төрешісі: Жүнісов Нұржан (Астана)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

Семейлік жанкүйерлер 4-ші ойын қатарынан командасының кездесуін өз стадионында тамашалай алады. Соңғы минуттарда жеңісті тартып алып, тең түсіп жатқан «Елімай» түркістандықтармен екінші жыл қатарынан кубоктық турнирде кездеседі. 2023 жылы Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Тұран» қосымша уақытта жеңіске жеткен болатын. Енді «Елімай» кеткен есені қайтара ала ма?

 

«Ақтөбе» - «Қайсар»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы 

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төрешілер: Тасыбаев Айдын (Астана), Кольев Евгений, Долгих Алексей (екеуі де Павлодар)

VAR төрешісі: Затула Александр (Өскемен)

AVAR  төрешісі: Белоградов Дмитрий (Павлодар)

Қосалқы төреші: Оңғарбаев Рустам (Ақтөбе)

Инспектор: Горда Александр (Кокшетау)

OLIMPBET QFL Премьер-лиганың алғашқы турында командалар кездесіп, «Ақтөбе» сенімді түрде 3:1 есебімен жеңген. Одан бері «Қайсардың» нәтижесі біршама жақсарып, соңғы орыннан көтерілді. Ал ақтөбеліктер бірінші орында тұрғанымен, әр жеңіс оңай келіп жатқан жоқ. Алаң иелері фаворит саналғанымен, «Қайсар» да ұпай ұстата салмайды. Бұған дейін командалар 2021 жылы Қазақстан кубогында жолығып, «Қайсардың» мерейі үстем болған.

 

26 мамыр

 

«Жетісу» - «Астана»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football, Q Arena телеарналары

Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Жолдас Бақытжан, Шабанов Алексей (екеуі де Алматы)

VAR төрешісі: Московченко Григорий (Павлодар)

AVAR  төрешісі: Павлов Александр (Алматы)

Қосалқы төреші: Ноженко Сергей (Талдықорған)

Инспектор: Қызылбаев Бақыт (Ақтөбе)

Командалар OLIMPBET QFL Премьер-лиганың екінші турында кездесіп, көрермендерге керемет эмоция сыйлаған еді. Сол сәттегі талдықорғандықтардың есептелмеген голы біршама наразылық тудыртқан болатын. Осы жолы «Жетісу» өз алаңына сол олқылықтың орнын толтыруға тырысады. Елордалық клубқа тағы қиын соғатын түрі бар.

 

«Каспий» - «Шахтер»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Якбаров Ринат (Семей), Виноградов Денис (Петропавл)

Қосалқы төреші: Назар Амандық (Ақтау)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

1ХВЕТ QFL Бірінші лиганың топ басында келе жатқан «Каспийдің» қаншалықты мықты екендігін көру барлығына қызық. Оның үстіне олар OLIMPBET QFL Премьер-лигада аса қатты емес «Шахтерді» қабылдайды. OLIMPBET QFL Қазақстан кубогын сәтсіз өткерген «Каспий» осы жолы жаңа турнирге басымдық бере ме екен? Әлде Премьер-лигаға оралу үшін басымдықты Бірінші лигаға аудара ма? Барлығына осы ойында куә боламыз.

 

«Тараз» - «Қызылжар»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Горда Данил, Сысоев Антон (екеуі де Көкшетау), Айжігітов Ғалымжан (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Абдуллаев Бағдат (Қаратау)

Инспектор: Хисамутдинов Игорь (Павлодар)

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының 1/8 финалында ел чемпиондарына лайықты қарсылық көрсеткен «Тараз» кезекті турнирде барын салатыны сөзсіз. Ал «Қызылжар» QFL Екінші лиганың клубына қарсы жартылай қосалқы құрамын шығарып, камбэк жасап еді. Осы жолы да жеңіске жету үшін, мықтыларын шығаруына тура келеді. Бәлкім, Таразда сенсацияға куә болып қалармыз?

 

«Қайрат» - «Ақжайық»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football, Q Arena телеарналары

Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы)

Төрешілер: Сұлтанғалиев Руслан, Лабашов Денис, Калачев Сергей (бәрі Атырау)

VAR төрешісі: Сахи Данияр (Қызылорда)

AVAR  төрешісі: Филоненко Дмитрий (Тараз)

Қосалқы төреші: Ахметов Алмаз (Алматы)

Инспектор: Перемитин Александр (Астана)

 

Командалар 3-ші жыл қатарынан Кубок бәсекесінде жолығады. 2022 жылы «Ақжайық» сырт алаңда айласын асырса, 2023 жылы «Қайрат» басым түскен. Бірақ бұл ойындардың барлығы алматылықтарға оңай соқпады. QFL Бірінші лигада ала-құла өнер көрсетіп жүрген «Ақжайық» қанша мүмкіндігі болғанымен, гол соға алмай жүр. Бұл алматылық командаға да қатысты. Осындай турнирлер арқылы командалар ойындағы жоспарын іске асыруға жақсы тәжірибе.