KZ
KZ RU
16 қазан 2024 13:54
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

29-шы тур аңдатпасы: чемпиондыққа таластан кім үміт үзеді?

16 қазан 2024 13:54

17-18 қазан күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының 29-шы тур ойындары өтеді.

 

17 қазан

 

«Ақжайық» - «Ұлытау» 

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Ақжайық» стадионы (Орал қ.)

Төрешілер: Суликанов Саят, Бисекенов Әлім, Мортин Никита (барлығы да Ақтөбе)

Қосымша төреші: Шыңғысов Ерболат (Орал)

Инспектор: Камчатный Геннадий (Алматы)

Өткен турда жеңіліске ұшыраған «Ұлытау» чемпиондық атақтан қағылды десе болады. Ендігі жеңіліс оларды OLIMPBET QFL Премьер-лиганың жолдамасынан да қағуы мүмкін. Себебі, «Каспий» мен «Хан-Тәңірі» 2 ғана ұпаймен артта қалып келеді. Кезекті турда жезқазғандықтар турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі «Ақжайыққа» қонаққа барғанымен, алдын-ала жеңісті қонақтарға беруге ертерек. Оралдықтар кейінгі бес ойынның төртеуінде қарсыласынан басым түсіп, өз алаңында 4 рет қатарынан жеңіске жетті. Турнирлік кесте жағынан ешқандай мотивациясы болмаса да, азулы қарсыласпен шеберлік байқасу, түрлі тактиканы тексеріп көру мүмкіндігі ұдайы туындай бермейді. Алғашқы айналымда «Ақжайық» күтпеген жерден 1:2 есебімен ұтып кеткен. Енді алаң иелері тағы да жезқазғандықтарға қолайсыздық тудыра ма? Әлде «Ұлытау» өте маңызды сәтте тұйықтан шығатын амалды таба ала ма?

 

«Алтай - «Екібастұз»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир:  Q League телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Восток» стадионы (Өскемен қ.)

Төрешілер: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы), Хамзин Дархан, Әлімов Нұрсұлтан (екеуі де Астана)

Қосымша төреші: Затула Александр (Өскемен)

Инспектор: Қошқаров Серік (Тараз)

­Өте қиын күнтізбеге тап болса да, «Екібастұз» клубы фаворит саналған «Каспий» мен «Ұлытаудан» айласын асырып кетті. Турнирлік кестеде мотивациясы болмаса да, «Екібастұз» қиындықтарды батыл түрде еңсеріп келеді. Бұл жеңістер келесі маусымда OLIMPBET QFL Премьер-лиганың жолдамасын алуға деген сенімделіктерін арттыруға тиіс. Енді олар Өскеменге қонаққа барады. «Алтай» клубы да соңғы турларда ұпай таратып келеді. Себебі, маусым жоспары әлдеқашан орындалып қойған. Кім жеңіске деген жігерлілік танытады екен?

 

«Арыс» - «Жетісай» 

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Арыс қ.)

Төрешілер: Жантуғанов Еркен (Қызылорда), Ахмедов Ахмед (Қаратау), Осипов Михаил (Тараз)

Қосымша төреші: Халилов Муродбек (Шымкент)

Инспектор: Жаппасбаев Серік (Қызылорда)

«Арыс» клубына әр ұпай ауадай қажет болса да, өткен аптада бір ойыншысы кем «Қайрат-Жастарды» жеңе алмады. Команда шабуыл жасау жағынан қиналмаса да, көп гол соға алмайды. Бірақ фавориттерді үнемі әуреге салатыны бар. Алдағы кездесуде де «Жетісайға» оңай соқпайды. Әрине, 3 жеңіс сериясы бар жетісайлықтарға жеңілсе де, мұрты қисайып қалмайды. Бірақ футболшылар оңайшылықпен ұпай бере салуға келісе қояр ма екен? Қос клубтың алғашқы кездесуінде «Жетісай» соңғы минуттарда камбэк жасап кеткен еді. Осыдан-ақ, қонақтарға матч оңай өтпейтіні түсінікті болар.



«Тараз» - «Түркістан»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Сержанұлы Біржан (Алматы), Мейірбаев Асылан (Өскемен), Ташметов Фарходжан (Астана)

Қосымша төреші: Құрбанов Әбдіқадыр (Тараз)

Инспектор: Мельников Максим (Ақтау)

Қос клубтың да кейінгі матчтарда жолы болмай жүр. Ол түсінікті де. «Түркістан» ұжымы ұшу аймағынан құтылып, жоспарды орындап қойды. Тіпті Көкшетаудағы матчта қарсылас қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады. Жамбылдықтар болса, өз кездесулерінде гол үшін шабуылдарды жиі ұйымдастырғанымен, шабуылды түйіндейтін футболшы табылар емес. Кейінгі екі матчта да қарсылас қақпасына гол соға алмады. Тіпті қос команданың алғашқы айналымындағы теке-тіресінде де «Тараз» үлкен басымдылыққа ие болғанымен, мүмкіндіктерін мүлт жіберіп, 2:0 есебімен есе жіберген. Алдағы кездесуде алаң иелері реванш алуға мүдделі бола ма? Әлде қызыл қағазбен қуылған Артем Литош, Шерзад Примбердиев қайтадан шеберліктерін көрсете ме?

 

18 қазан

 

«Қайсар Жас» - «Қайрат-Жастар» 

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда қ.)

Төрешілер: Бильдинов Михаил, Русяев Алексей, Шепелев Владимир (барлығы да Қарағанды)

Қосымша төреші: Айжігітов Ғалымжан (Қызылорда)

Инспектор: Қарлыбаев Болат (Орал) 

Ұлттық құрамалардың ойыны бірінші кезекте «Қайрат-Жастарға» әсер етеді. Себебі, алматылықтардың футболшылары түрлі жастағы ұлттық құрамада сұранысқа ие. Міне енді 15 қазандағы матчтан кейін қысқа ғана уақытта Қызылордаға жол тартпақ. Алаң иелерінің соңына дейін ойнайтын қайсарлығы болғанымен, кейінгі кездері қақпаларына допты көп өткізіп жүр. Қонақтарды 23 қазан күні 19 жасқа дейінгі Чемпиондар лигасының ойыны да күтіп тұр. Бірақ 1ХВЕТ QFL Бірінші лигада «Қайрат-Жастардың» топ жарып кетуі әбден мүмкін. Көш басындағы «Оқжетпес» тең түскен жағдайда, алматылықтар тарихи чемпиондыққа бір қадам жақындамақ. Ол үшін тек қана жеңіске жете беру керек.

 

«Хан-Тәңірі» – «Каспий»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Хан-Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Сахи Данияр, Жаксылық Төребек, Ахметов Азамат(барлығы да Қызылорда)

Қосымша төреші: Үсенов Досбол (Алматы)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

OLIMPBET QFL Премьер-лиганың жолдамасынан үмітті ұжымдар әр тур сайын қарсыластарын қапы қалдырып, тұрақты түрде жеңіске жетуде. Командалар кейінгі 5 матчта бір рет қана жол беріп, 12 ұпай жинаған. Турнирдің аяқталуына 2 тур қалғанда, енді «Хан-Тәңірі» немесе «Каспийдің» үміттерінен күдер үзбек. Алайда жолдама тағдырына иелік ету үшін, үшінші орындағы «Ұлытау» да ұпай жоғалтуы керек. Шешуші ойындар болғандықтан, кім де болса, күтпеген жерден тең түсіп, есе жіберіп қалуы әбден мүмкін. Ал кім фаворит болмақ? Алғашқы айналымда алматылықтар 3:5 есебімен басым түсіп, көрермендерге голдар шеруін сыйлаған еді. Осы жолы сол көрініс қайталана ма? Әлде 1-2 доп қана кездесу тағдырын шеше ме?

 

 

SD Family - «Оқжетпес» 

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Sydykbek Arena стадионы (Астана)

Төрешілер: Аманкелдин Бекарыс (Орал), Арынханов Нұрдәулет(Алматы), Быков Антон (Атырау)

Қосымша төреші: Попов Сергей (Астана)

Инспектор: Ходин Анатолий (Атырау) 

1XBET QFL Бірінші лигасының жеңімпазы доп айырмашылығы арқылы анықталатындай көрінген. Сондықтан «Оқжетпес» өз алаңында түркістандықтарға жауапсыз 7 гол соқты. Алайда «Ұлытау» қолдағы басымдықты пайдалана алмай, Екібастұзда жеңіліске ұшырады. Енді көкшетаулықтар чемпион атану үшін, қалған екі матчта жеңіске жетсе, жеткілікті. SD Family командасы ең көп гол соғатын ұжымдардың қатарына кірсе де, кейінгі турларда білгендерінен жаңылып жүр. Әйтпесе, осы маусымда біршама мықтыларды састырғаны бар. Өткен аптада демалған астаналықтар жеңіс үшін барын сала ма екен? Оның үстіне «Оқжетпес» сырт алаңда ұпай жоғалтып жүргені бар. Шешуші ойындарда тағы бір сенсация тіркеліп, турнир кестесі шиеленісе ме екен? Әлде Андрей Ферапонтовтың шәкірттері қателікке жол бермей ме?