KZ
KZ RU
19 шілде 2024 09:05
1ХВЕТ ЛИГА КУБОГЫ

3-ші тур: жартылай финалистер анықталады

19 шілде 2024 09:05

19-21 шілде күндері аралығында 1XBET QFL Лига Кубогының шешуші 3-ші тур ойындары өтеді.

 

19 шілде

 

«Шахтер» - «Астана»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды қ.)

Төрешілер: Затула Александр (Өскемен), Бейжанов Рустам, Виноградов Денис (екеуі де Петропавл)

VAR төрешісі: Ткачев Кирилл (Алматы)

AVAR төрешісі: Лесив Станислав (Семей)

Қосымша төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Уфимцев Сергей (Алматы)

«Астана» клубы келесі аптада Конференция лигасында доп тебетіндіктен, өз ойынын 19 шілдеге ауыстыруды жөн көрді. Бұл топта барлық клубтар бірдей ұпай жинағанымен, «Астананың» жартылай финалға шығу мүмкіндігі жоғары. Себебі, бірінші орын иегері доп айырмашылығымен анықталады. Командалар OLIMPBET QFL Премьер-лигада өзара кездесіп, қарағандылықтар 1:0 есебімен күтпеген жерден жеңіп кеткен еді. Осы жолы алаң иелерінің тағы да бір сенсация жасауына шамалары жете ме екен?

 

20 шілде

 

«Каспий» - «Жетісу»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Тевяшов Денис (Орал), Панин Максим, Гриценко Иван (екеуі де Қостанай)

Қосымша төреші: Назар Амандық (Ақтау)

Инспектор: Ходин Анатолий (Атырау)

«Жетісу» клубы бірінші турдан кейін басты фавориттің бірі ретінде саналған еді. Алайда бұл команда Қарағандыда есе жіберіп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды. Енді жартылай финалдың тағдыры қос команданың қолында емес. Алайда «Каспий» жоғарғы дивизионда доп тебетін ұжымға қарсы аянып қалмайтыны сөзсіз.

 

«Тұран» - «Ордабасы»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Ысқақов Марат (Астана), Бельский Евгений, Жүсіпов Амангелді (екеуі де Тараз)

VAR төрешісі: Ысқақов Санжар (Қостанай)

AVAR төрешісі: Быстров Дмитрий (Сарань)

Қосымша төреші: Мұсалы Сейітмағзұм (Түркістан обл.)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

С тобындағы жағдай күрделірек. Ел чемпиондары 2 матчта тең түскенімен, әлі де топтан шығуы мүмкін. Ол үшін «Ордабасы» ірі жеңіске жетіп, қарсыластардың тең ойнауы қажет. Алайда шымкенттіктер сәрсенбі күні Чемпиондар лигасының жауапты ойынын сонау 4 мыңнан астам қашықтықта өткізгендіктен, физикалық жағынан толық деңгейде дайын болмауы мүмкін.

 

«Елімай» - «Атырау»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Васютин Сергей, Тергеусізов Самат (екеуі де Алматы)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR төрешісі: Орынбаев Илашбек (Түркістан обл.)

Қосымша төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Құсайынов Елеш (Астана)

Әзірше осы топтың басты фавориті – «Елімай». Олар өз алаңында «Атыраумен» тең түсіп және «Ордабасы» 2 доптан артық гол соқпауы керек. Семейдегі жанкүйерлердің қызу қолдауынан-ақ «Елімайдың» оңайлықпен есе жібермейтіндігі түсінікті. Бірақ «Атыраудың» да OLIMPBET QFL Премьер-лигада ең аз гол жіберген ұжым екенін қаперде ұстауға тиістіміз.

 

21 шілде

 

«Ақжайық» - «Қызылжар»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: «Ақжайық» стадионы (Орал қ.) 

Төрешілер: Ноженко Сергей (Талдықорған), Конивец Артем (Қарағанды), Ахметов Азамат (Қызылорда)

Қосымша төреші: Талапкеров Нариман (Орал)

Инспектор: Тусеев Бағдат (Астана)

А тобында «Қайраттың» плей-оффқа шығу мүмкіндігі жоғары. Себебі, олар «Қызылжардан» қарағанда голды көп салды. Сондықтан шешуші турда алматылықтарға тек қана жеңіске жету жеткілікті. Алайда «Тараз» клубының жас футболшыларының жанкештілігіне осы маусымда бірнеше рет куә болдық.

 

«Қайрат» - «Тараз»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Арыстанбай Шыңғысхан (Шымкент), Навроцкий Иван (Астана)

VAR төрешісі: Чеховский Георгий (Астана)

AVAR төрешісі: Жүнісов Нұржан (Астана)

Қосымша төреші: Ахметов Алмаз (Алматы)

Инспектор: Перемитин Александр (Астана)

Әли Әлиев баптайтын «Қызылжар» сырт алаңда теу қана жеңіс қанағаттандырмайды. Оларға кемі 9 доп соғуы керек. Бұл олардың қолдарынан келе қоя ма екен? 1XBET QFL Бірінші лигасында алғашқы жеңістерін тіркеген «Ақжайық» та қол қуысырып отырмайтыны түсінікті.

 

«Қайсар» - «Тобыл»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Стадион: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда қ.)

Төрешілер: Горда Данил, Сысоев Антон (екеуі де Көкшетау), Калачев Сергей (Атырау)

VAR төрешісі: Исмұратов Арман (Астана)

AVAR төрешісі: Долгих Алексей (Павлодар)

Қосымша төреші: Жұмашев Нұржан (Қызылорда)

Инспектор: Заякин Виктор (Семей)

В тобында «Тобыл» қоржынында 3 ұпай болғанымен, жасыл алаңға жастарын шығаруға мәжбүр. Себебі, бейсенбі күнгі еурокубоктағы ойындар футболшылардың физикалық жағдайына әсер етеді. Әйтсе де, қостанайлықтардың теориялық тұрғыдан мүмкіндігі бар. «Қайсар» клубы әлдеқашан жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылғандықтан, жеңістің қатты маңыздылығы жоқ.

 

«Ақтөбе» - «Жеңіс»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Белоградов Дмитрий (Павлодар), Магау Наргис (Алматы)

VAR төрешісі: Омаров Рустам (Алматы)

AVAR төрешісі: Павлов Александр (Алматы)

Қосымша төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

Әзірше 2 жеңіске жеткен «Жеңіс» клубы бұл топта көш бастап тұр. Олар Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда кемі тең түсуі керек. Алайда қос командаға да оңай болмайды. Барлығын ойын тағдыры шешеді.