KZ
KZ RU
24 қазан 2024 08:51
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

30-шы тур аңдатпасы: кім чемпион атанады?

24 қазан 2024 08:51

25 қазан күні 1XBET QFL Бірінші лигасының қорытынды 30-шы тур ойындары өтеді.

 

«Оқжетпес» - «Қайсар Жас»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау қ.)

Төрешілер: Ткачев Кирилл, Жанпейіс Ермек (екеуі де Алматы), Герасимова Оксана (Петропавл)

Қосымша төреші: Горда Данил (Көкшетау)

Инспектор: Гаузер Александр (Петропавл)

Өз көрермендерінің алдында чемпиондық атақты иеленуге өте жақын тұрған «Оқжетпеске» қандай есеппен болса да, қарсыласын жеңсе немесе тең ойнаса да жеткілікті. Өткен турда OLIMPBET QFL Премьер-лиганың жолдамасын иеленген көкшетаулықтардың қарқыны қатты болып тұр. Оған дәлел – кейінгі 2 турда қарсыластарына жауапсыз 14 гол соғуы. «Қайсар Жас» командасы да сырт алаңда өте сәтсіз ойнайтын ұжымның бірі. Тіпті олар түзде ең аз 10 рет қана қарсылас қақпасынан саңылау таба алған. Қалай болса да, Андрей Ферапонтовтың шәкірттері ірі жеңіске қол жеткізіп, турнирдің әдемі нүктесін қоюға тырысатындықтары анық.

 

«Ұлытау» - SD Family 

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Металлург» стадионы (Жезқазған)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Сәрсенбаев Нұрлан (Алматы), Қадыров Жалғас (Өскемен)

Қосымша төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

Чемпиондыққа әлі үмітін жоғалтпаған «Ұлытау» клубы соңғы ойынын осы аптада Қазақстан футбол федерациясының УЕФА және 1ХВЕТ-пен бірлесе жүзеге асыратын ALAÑ жобасы аясында жаңартылған «Металлург» стадионында өткізеді. Жезқазғандықтар екінші орында тұрғанымен, қысым бар. Себебі, соңғы турда топ жаруы да, OLIMPBET QFL Премьер-лига жолдамасынан да қағылып қалуы мүмкін. Қарсыласты азулы деп айта алмаймыз. Турнир кестесінде ешқандай талас жүргізбей келе жатқан астаналықтар әр турда ұпай беруге мәжбүр. Тіпті соңғы турда «Оқжетпеске» еш қауқар көрсете алмай, 0:7 есебімен ең ірі жеңілісіне ұшырады. Өз жанкүйерлерінің алдында ащы жеңілістің дәмін татқан ұжымнан сырт алаңда үміт күту қиындау. Өз кезегінде «Ұлытау» дебютті маусымында-ақ OLIMPBET QFL Премьер-лига жолдамасын иеленуге өт жақын тұр. Турнирдің ең үздік сұрмергені – Жасұлан Молдақараев өз мансабындағы голдар рекордын жаңартуға тырысады.

 

«Каспий» - «Арыс»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Никлевич Владимир (Петропавл), Ысқақов Темірбек (Орал), Құсайынов Исламхан (Атырау)

Қосымша төреші: Назар Амандық (Ақтау)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

Шешуші тур болса да, қос клубқа ұпай ауадай қажет. Турнир кестесінде төртінші орында тұрған «Каспий» командасы ТОП-3-ке кіру үшін, жеңіске жетіп, «Ұлытаудың» жеңілгенін күтуі тиіс. Өз жанкүйерлерінің алдында бұл міндет қиын еместей көрінеді. Бірақ қонақтар да оңайлықпен есе жібере қоймас. Бұл командаға кемі тең түсіп, «Ақтөбе Ж» ұжымының жеңілгенін қалайды. Егер ақтөбеліктер 3 ұпай алған жағдайда «Арыс» ресми түрде QFL Екінші лигасына төмендейді. 2023 жылы ғана шыққан Түркістан облысының клубы оңайлықпен жеңіле қоймайтынына сенеміз. Қай ұжымның амбициясы басым түседі екен?

 

«Алтай» - «Қайрат-Жастар»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Восток» стадионы (Өскемен қ.)

Төрешілер: Ысқақов Марат (Астана), Волков Артем (Атырау), Мақатов Талғат (Петропавл)

Қосымша төреші: Мейірбаев Асылан (Өскемен)

Инспектор: Мұхамедияров Шараф (Семей)

Ұпай үлестіріп келген «Алтай» клубы өткен турда жарқын ойын үлгісін көрсетіп келген «Екібастұзды» қапы қалдырды. Сондықтан Өскемендегі ойыннан алдын-ала бір нәрсе айту қиын. Ал «Қайрат-Жастар» командасын 1XBET QFL Бірінші лигасында жүлдегерлер қатарында қалу үшін, тек қана жеңіс қана қанағаттандырады. 19 жасқа дейінгі Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде сырт алаңда «Бетиспен» ойнаған алматылықтарға бұл матчқа бар мықтыларын қоса алмайтыны түсінікті. Алайда жеңіске деген құлшынысы жоғары «Қайрат-Жастар» сапынан алаңға шығатын футболшылар жеткілікті. Көптеген мүмкіндіктерін мүлт жіберетін қонақтар егер жеңіске жете алмаса, өкінішті болары түсінікті. Вахид Масудовтың футболшылары «Қайрат-Жастардың» амбициясына тосқауыл бола алар ма екен?

 

«Ақтөбе Ж» - «Тараз»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: ОМБЖОРСМ (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Ыдырысов Сағадат (Ақтау), Әліқұлов Ержан (Түркістан обл.), Субботин Максим (Талдықорған)

Қосымша төреші: Суликанов Саят (Ақтөбе)

Инспектор: Мұрзабеков Мейрамбек (Қызылорда)

«Ақтөбе Ж» командасы міндетті түрде қарсыластан басым түсуі керек. Қазіргі сәтте ақтөбеліктерде басымдық болғанымен, «Арыс» клубының ойынына да алаңдайды. Бірақ соңғы турды өз алаңында өткізетіндіктен, жанкүйерлердің көмегі әсерін беруі тиіс. Осы маусымда алаң иелері «Каспийді» ұтып, өзге мықтыларға да лайықты қарсылық көрсеткен. Сондықтан алдағы матчта қаншалықты аутсайдер болғанымен, «Таразға» шамасы жетуі тиіс. Өз кезегінде жамбылдықтарды ешқандай мәселе мазалаймайды. Өткен турда өз стадионында жарқын жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қошеметке бөлеген еді. Енді жеңілсе де, ешкім сөге қоймас.

 

«Түркістан» - «Хан-Тәңірі» 

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Кумашев Тимур (Астана), Жүсіпов Амангелді (Тараз), Сәрсен Нұрлан (Шымкент)

Қосымша төреші: Халилов Мұратбек (Шымкент)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Соңғы турға дейін OLIMPBET QFL Премьер-лиганың жолдамасына таласқан «Хан-Тәңірі» клубы өз алаңында «Каспийден» минималды есеппен есе жіберіп, үміттерінен айырылды. Енді Түркістан қаласындағы матч қос клуб үшін де ешқандай маңыздылығы жоқ. Өз мақсаттарын орындап қойған «Түркістан» футболшылары да кейінгі ойындарда ірі есеппен жеңілуде. Енді өз жанкүйерлерінің алдында тағы да жеңіліске ұшырауға тырыспас. Қарсыласына міндетті түрде гол соғатын алаң иелері тәжірибелі Андрей Пасеченконың қақпасына нысанаға алуға тырысады. Өз кезегінде алматылықтардың қақпашысы дәл қазіргі сәтте «Оқжетпес» қақпашысы Қажымұқан Төлепбергенмен бірге 12 матчта гол жібермеген. Міне осы статистиканы соңғы турда жаңарта ала ма?

 

Айта кетейік, «Екібастұз» бен «Ақжайық» арасындағы матч оралдық клубтың ойынға келе алмауына байланысты өтпейді.