"Ақтөбені" қола медальмен марапаттады
Жиналған көрермендер алдымен «Ақтөбе» ойыншыларының голдары мен ойын барысындағы әсерлі сәттерін түсірген видеожазбаны тамашалады. Бұдан соң сахнаға ҚФФ вице-президенті, ҰФЛ директоры Михаил Гурман шығып: "Бізге Ақтөбеге келген ұнайды. Сізде нағыз футбол қаласы. Қала футболмен тіршілік етіп, футболмен тыныстайды. Сіздердің жанкүйерлерінің футболдың бойына терең бойлап, түсінеді, маған осы жерде болып, жетістіктеріңізді сіздермен – футболшылармен, бапкерлермен, клуб қызметкерлерімен, команданың 12-ойыншысына айналған атақты ақтөбелік жанкүйерлермен бөліскен ұнайды. Қазақстан Футбол Федерациясының атынан чемпионаттың қола медалімен құттықтаймын! Сіздердің атақты жеңістер жайында Қазақстаннан өзге жерлерде де біліп қалған, «Ақтөбе» келесі маусымда да Европа Лигасында ел намысын қорғайды деп білеміз."
Бұдан соң жоспар бойынша марапаттау сәті өтті. Ойыншылар мен бапкерлік штабтан өзге Ақтөбе облысы әкімі Архимед Мұхамбетовке де қол медаль табысталды. Ол Қазақстан футбол Федерациясының мерейтойлық медалін де иеленді.
Облыс басшысы көрермендерді және команданы құттықтап, команданың ерік күшін ерекше атап өтті.
Әкім сөздеріне жауап ретінде «Ақтөбе» командасының капитаны Самат Смақов пен бас бапкер Владимир Муханов сөз алды. Смақов қиын жағдайда қолдау көрсете білген жанкүйерлерге алғыс айтып, келесі маусымда команда чемпионадық атақты иемденуге бар күшін салады деп уәде берді.
Владимир Васильевич те қиын тұста командамен бірге болғандардың барлығына, соның ішінде Ақтөбе облысының екі әкіміне – аймақтың бұрынғы басшысы Елеусін Сағындықовқа және қазіргі әкім Архимед Мұхамбетовке алғысын білдірді.