KZ
KZ RU
19 шілде 2024 16:00
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

«Ақжайық» клубына 1XBET QFL Бірінші лигасының 15-ші турында техникалық жеңіліс берілді

19 шілде 2024 16:00
1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 15-ші туры аясында өтуге тиіс болған «Ақтөбе Ж» - «Ақжайық» ойынына «Ақжайық» футбол клубының келмеуіне байланысты оралдық командаға 3:0 есебімен техникалық жеңіліс берілді. Бұндай шешім 2024 жылдың 16 шілдесінде өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырысында қабылданды. Сонымен қатар «Ақжайық» командасы «Ақтөбе» футбол клубына ойынды ұйымдастыруға кеткен шығынын өтеп беруге тиіс.

Айта кетейік, аталмыш кездесу 2024 жылдың 12 шілдесінде Ақтөбе қаласындағы ОМБЖОРСМ стадионында өтуі тиіс еді.