KZ
KZ RU
04 қазан 2024 15:00
ЕКІНШІ ЛИГА

Ғани Қайназаров Ertis клубын QFL Екінші лигасындағы жеңісімен құттықтады

04 қазан 2024 15:00
Павлодар қаласында QFL Екінші лигасының 2024 жылдағы маусымының қорытындысы бойынша, «Солтүстік-Шығыс» конференциясының жеңімпазы салтанатты түрде марапаттады. Осы орайда Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров Ertis клубына медальдарды табыстады. Іс-шара қаланың орталығында өтті.

Футболшыларды құттықтауға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, футбол ардагерлері, клуб жанкүйерлері қатысты. Өткен жылы ғана қайта жаңғырған Ertis командасы алғашқы маусымында-ақ 18 рет жеңіске жетіп, 56 ұпай жинап, қарсылас қақпасына 70 гол салды. Одан бөлек, клуб 2025 жылы 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасына қатысуға мүмкіндік алды.

«Бірінші маусымда чемпион атану үлкен құрметке лайық. Ertis клубының топ жаруы - клуб менеджентінің тиімді іс-әрекеті, бапкерлік штабтың, футболшылардың жоспарлы жұмысы және жергілікті биліктің қолдауының нәтижесінде жүзеге асты. Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов көпшіліктің сүйікті клубын қайта жаңғыртуға айтарлықтай үлес қосты. Клуб алдағы уақытта да сәтті өнер көрсетіп, өз атақтарын қайтаратынына сенімдімін», - деді QFL президенті Ғани Қайназаров.

Айта кетейік, QFL Екінші лигасы маусымы 9 сәуір мен 1 қазан аралығында өткен еді.