KZ
KZ RU
09 маусым 2024 19:02

Ғани Қайназаров: футболды өңірлерде дамыту маңызды

09 маусым 2024 19:02

Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды. Ол қала әкімі Аян Бейсекинмен кездесіп, өңірдегі футболды дамыту мәселесін талқылады. Екібастұз әкімі қалада бірнеше жасыл алаңның құрылысы мен футболды дамыту мақсатында жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспарымен бөлісті. Ғани Қайназаров қала басшысының жоспарын құптап, Екібастұздың 67 жылдығымен құттықтады. 


Сондай-ақ, QFL президенті «Екібастұз» ФК директоры Азамат Әубәкіровпен және команданың бас бапкері Виталий Спарышевпен кездесті. Клуб басшылығы команданың маусымдағы мақсатымен бөлісіп, осы жылы 1ХВЕТ QFL Бірінші лига турнирінің ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар QFL президенті 10-тур аясындағы «Екібастұз» - «Оқжетпес» ойынын тамашалады. 


«Біз үшін үлкен футбол барлық өңірде қамтылғаны маңызды. Осы жылы 1ХВЕТ QFL Бірінші лигада 13 өңірдің командасы бақ сынап, әрқайсысы жоғары деңгейде өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін Лига турнирге жаңа бас демеуші тартып, барлық ойындарды отандық телеарналарда көрсету бойынша шешім қабылдады. Бұның барлығы футболға деген қызығушылықты арттырады. Осыған дейінгі 10 турда матчтарды стадионнан 65 мыңнан аса жанкүйер тамашалады. Біз клубтармен байланысты арттыруға күш жұмсаймыз және 1ХВЕТ QFL Бірінші лига жаңа деңгейге шығады деп сенемін», - деді Ғани Қайназаров.