KZ
KZ RU
02 сәуір 2024 13:07

Ғани Қайназаров QFL вице-президенті болып тағайындалды

02 сәуір 2024 13:07
Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League-ның вице-президенті лауазымына тағайындалды. Ол лиганың спорт бөліміндегі барлық аспектісіне жауап беретін болады. Бұл тек түрлі спорттық турнирлерді ұйымдастыру мен бақылаумен шектелмейді. Сондай-ақ, клубтармен тығыз қарым-қатынаста болып, лигада туындаған сұрақтар мен мәселелерді шешуге атсалысады. Сонымен қатар, ол қатысушылар үшін әділ және ашық ойынды қамтамасыз етіп, барлық ережелер мен нормативтік құжаттардың қатаң сақталуын қадағалайды.

Айта кетейік, Ғани Қайназаровтың футболдағы тәжірибесі мол. Әр уақытта ол «Тараз», «Қайрат», «СКИФ» клубтарында доп теуіп, ұлттық құраманың да намысын қорғады. Ойын мансабын аяқтаған соң, «Тараз», «Астана» футбол клубтары мен Қазақстан футбол федерациясының басшылық лауазымдарында қызмет атқарды. 2022 жылдың 11 наурызынан бастап, ҚФФ құрама командалар Департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Qazaqstan Football League Ғани Әділханұлының жаңа қызметіне табыс тілейді!