12 желтоқсан 2024 14:15
Ғани Қайназаров жыл сайынғы European Leagues конференциясына қатысты
12 желтоқсан 2024 14:15
11 желтоқсан күні Ньонда (Швейцария) жыл сайынғы Еуропалық кәсіби футбол лига ассоциациясының (EPFL) конференциясы ұйымдастырылды. Еуропа футбол ұйымдары басшыларының бас қосуына Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров қатысты.
Конференцияда лиганың жұмысына байланысты стратегиялық жоспарлардың сәтті кейстері таныстырылып, Грекия, Швеция, Чехия футболының даму барысы мысал ретінде көрсетілді. Әлемдік лига ассоциациясының (WLA) бас хатшысы Джером Перлемутер әлемде матчтардың саны арту тенденциясы мен турнирлердің күнтізбеге сай құрылуына тоқталды. ФИФА мен УЕФА өкілдері халықаралық бәсекелердің жаңа форматының артықшылықтарына тоқталып, футболдағы табыстың одан әрі еселенетінін баяндады.
Өз кезегінде Ғани Қайназаров Еуропалық кәсіби футбол лига ассоциациясының басшылығымен футболдың дамуы бойынша ой алмасты. Ұйымның атқарушы директоры Жакко Суэрт серіктестерді тартудағы жұмыстың ерекшеліктеріне тоқталып, 2024 жылы QFL жүзеге асырған бірқатар жобаларды жоғары бағалады. Сондай-ақ, Ғани Қайназаров футболдан Латвия Жоғарғы лигасының президенті Максим Кривунецпен кездесу өткізді.
Айта кетейік, Еуропалық кәсіби футбол лига ассоциациясы 39 кәсіби футбол лигасы мен Еуропаның 33 елінен 1130 клубтың басын біріктірген. Ұйымның мақсаты - Еуропа футбол лигаларының барлық мәселелер бойынша ортақ мүдделерін білдіру және қорғау, мүшелер арасындағы байланысты арттыру, УЕФА комитеттерінің жұмысына қатысу кіреді. Qazaqstan Football League 2015 жылы Ассоциацияның мүшесі ретінде қабылданды.

Басқа жаңалықтар