KZ
KZ RU
02 қазан 2024 13:15
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

«Арыс» клубынан ҚФФ регламент ережесін бұзғаны үшін тағы да ұпай алынды

02 қазан 2024 13:15
1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында өнер көрсететін «Арыс» клубынан ҚФФ регламент ережесін бұзғаны үшін 6 ұпай алынды. Бұндай шешім 2024 жылдың қыркүйек айында өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырыстарында қабылданды. Бұған «Арыс» жасөспірімдер командасы ҚР Жасөспірімдер чемпионаты аясындағы ойындарда стадионға шықпағаны себеп болды. Шешім Тәртіптік регламенттің 10 тармағының 10 бабына сәйкес қабылданды. Сондай-ақ, «Арыс» клубына тағы да айыппұл салынды.

Айта кетейік, қазіргі таңда клуб 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 26 турынан кейін 9 ұпаймен турнир кестесінде 15-ші орында келеді.