KZ
KZ RU
06 шілде 2024 11:00

Астана күні құтты болсын!

06 шілде 2024 11:00
QFL барша қазақстандықтарды астанамыздың 26 жылдығымен құттықтайды! Қысқа ғана уақытта елордамыз заманауи қалаға және тұрғындар үшін ең тартымды мекенге айналды. Еуразия жүрегінде орналасқан қала табыс пен жетістіктің символы ретінде бағаланып, одан әрі дамуға серпіліс береді. 

Бас қалада халықаралық саяси жиындар мен ірі спорттық шаралар өткізіледі. Астана бірнеше рет QFL турнирлері финалдарын қабылдады, ал футбол жанкүйерлері ұлттық құраманың ірі жеңістері мен отандық клубтардың еурокубоктардағы жарқын ойындарына куә болды. 

Qazaqstan Football League барлығыңызды мейраммен құттықтап, елордамыздың гүлдене беруін тілейді!