KZ
KZ RU
23 қараша 2017 13:02

Айбол Әбікен – 2017 жылғы Бірінші Лиганың Үздік жас ойыншысы!

23 қараша 2017 13:02
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші Лига командалары арасындағы Біріншіліктің спорттық номинацияларының нәтижелерін жариялауды аяқтайды. Бүгін біздер жарыстың үздік жас ойыншыларын атап өтеміз.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚКФЛ сауалнаманы жыл сайын Бірінші Лига футбол клубтарының басшылары, бас бапкерлері және капитандары арасында жүргізді.
 
Сауалнамаға жауап берушілердің әр қайсысы өз пікіріне сүйене отырып, үздік үштікті атап өтті. Орынға байланысты ойыншыға баллдар берілді: 3 балл - 1 орын үшін, 2 балл - 2 орын үшін, 1 балл - 3 орын үшін. Қорытынды рейтинг барлық ұпайларды қосу нәтижесінде шықты.
 
2017 жылғы "Бірінші Лиганың Үздік жас ойыншы" номинациясын анықтауда күрес қызық болды. Үздік болып сауалнаман нәтижесімен бірінші орынға көп ие болған ойыншы атанды.

2017 жылғы Бірінші Лига командалары арасындағы Біріншіліктің үздік бес ойыншысы:
1. Айбол Әбікен, «Қайрат А» - 23 балл
2. Едіге Оралбай, «Мақтаарал» - 23 балл
3. Рифат Нұрмұғамет, «Жетісу» - 15 балл
4. Бекзат Қабылан, «Каспий» - 14 балл
5. Әділхан Таңжариков, «Жетісу» - 13 балл.
 
Бірінші Лига командалары басшыларының дауыс беруі:
 
 
Бірінші Лига командалары бас бапкерлерінің дауыс беруі:
 
 
Бірінші Лига командалары капитандарының дауыс беруі: