KZ
KZ RU
27 қыркүйек 2024 17:36
OLIMPBET КУБОК

Қазақстан Кубогы финалының билеттерінен түскен қаражат түгелімен қайырымдылыққа жұмсалады

27 қыркүйек 2024 17:36
Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогы финалының билеттерінен түскен қаражат түгелімен «Мейірім» оңалту орталығына берілетіні туралы хабарлайды. Бұндай шешімді Лига президенті Ғани Қайназаров қабылдады.

Бүгін Алматыда QFL қызметкерлері «Мейірім» оңалту орталығынын қызметімен танысты. Орталықта физикалық және менталдық ерекшелелігі бар балаларға қолдау көрсетіледі. Осы күнге дейін 1 000-нан астам бала коррекциялық-педагогикалық қолдау алған. Орталық еліміздегі осындай бейіндегі алғашқы мемлекеттік емес ұйымдардың бірі болып табылады. Онда әлеуметтік, педагогикалық және физикалық оңалту алу үшін балалар күні бойы ата-анасыз, мамандардың бақылауымен қолайлы жағдайда бола алады.

Ғани Қайназаров «Мейірім» оңалту орталығын 20 жылдығымен құттықтап, QFL әлеуметтік жауапкершілік қағидасын ұстанатыны туралы мәлімдеді. Орталықтың бас директоры Елена Күзембаева Лига басшысына бұл бастамаға және ерекше балаларды қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, билеттерден түскен қаражаттың берілуінен бөлек, орталықтың тәрбиеленушілері финалдық ойынның басында футболшылармен алаңға шығып, айтулы спорт шарасының қатысушысы болады.

«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч 29 қыркүйек күні кешкі 17:00-де Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Шешуші ойындағы алғашқы батыс дербиімен қатар, футбол сүйер қауымды QFL мен серіктестер дайындаған ойын-cауық бағдарламасы күтуде. Ойынға билеттерді келесі сілтеме арқылы сатып алуға болады.

Айта кетейік, турнирдің басты серіктесі - OLIMPBET букмекерлік компаниясы. Сондай-ақ, финалда AirAsia әуе компаниясы мен «Додо Пицца» халықаралық пиццерия желісі серіктес болады. Ойын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы, QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары және Q Football мобильді қосымшасында көрсетіледі.