29 қыркүйек 2024 08:45
OLIMPBET КУБОК
Қазақстан кубогының финалы: «Атырау» мен «Ақтөбе» көшбасшылары матч алдындағы дайындықтарына тоқталды
29 қыркүйек 2024 08:45
Бүгін Алматы қаласының Орталық стадионында 2024 жылғы OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының чемпионы анықталады. Финалда 2009 жылғы маусымның кубок иегері - «Атырау» ФК мен 2008 жылғы кубок иегері - «Ақтөбе» ФК кездеседі. Қос ұжым да алғаш рет турнирдегі басты матчта өзара жеңімпазды анықтамақ.
Командалар Алматыға келіп, кездесу алдындағы жаттығуларын өткізіп үлгерді. Сондай-ақ, клубтың бас бапкерлері мен көшбасшылары БАҚ өкілдерің сұрақтарына жауап берді. «Атырау» бас бапкері Виталий Жуковский финалда фаворит жоқ екендігін ескеріп, командалардың мүмкіндігі бірдей екенін айтса, клубтың көшбасшысы Николай Сигневич «мұнайшылар» айтулы жүлдені жеңіп алуға деген ниеті жоғары екенін білдірді.
«Біз үшін бұл осы жылдағы басты ойын. Бұл матч тек футболшыларға ғана емес, Атырау қаласына да берері көп. Еурокубокқа қатысу мәртебесінің маңыздылығын түсінеміз және кубокты алып кетуге тырысамыз», - деді «Атырау» клубының шабуылшысы Николай Сигневич.
Айта кетейік, «Атырау» мен «Ақтөбе» клубтарының кейінгі бес матчында тең есеп тіркелген. Тек былтыр кубок аясындағы 1/8 финалда ғана атыраулықтар пенальти сериясында 9:8 есебімен басым түсті. Осы орайда «Ақтөбенің» жаңадан тағайындалған бас бапкері Игорь Леонов ойындағы мүмкін болар пенальти сериясының дайындығына тоқталды. Ал ақтөбеліктердің капитаны Леонель Струмия міндеттері бойынша айтып берді.
«Маусым алдында OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы мен еурокубок жолдамасын жеңіп алу міндеті тұрды. Сондықтан кез келген ойынға дайынбыз. Қосымша мотивацияның қажеті жоқ. Финалдың маңыздылығын барлығы түсінеді және командада өз ісінің шеберлері жинақталған», - деп «Ақтөбе» клубының капитаны Леонель Струмия ойымен бөлісті.
Кубок жеңімпазы 65 миллион теңге сыйақыдан бөлек, келесі маусымда еурокубоктың іріктеу кезеңіне қатысып, OLIMPBET QFL Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады. Жеңілген ұжым 45 миллион теңгеге иелік етеді. Матчты тікелей эфирден Qazsport телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары мен Q Football мобильді қосымшасынан көре аласыздар.
Айта кетейік, турнир басты демеуші – OLIMPBET букмекерлік компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ финалдық ойында демеуші ретінде AirAsia әуе компаниясы, «Додо Пицца» халықаралық пиццерия желісі мен Kitfort тұрмыстық техника өндірушісі де болады. Ойынға билеттерді келесі сілтеме арқылы сатып ала аласыз.

Басқа жаңалықтар