Қазақстандық балалар заманауи алаңдарда доп тебеді
Қазақстан футбол федерациясы өңірлердегі спорттық инфрақұрылымдарды жақсарту мақсатындағы әрекеттерін жалғастыруда. ALAÑ жобасы бойынша аясында республикамыздағы 10 футбол алаңы қолданысқа берілді. Жөндеу жұмыстары Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш қалалалары мен Жетісу облысындағы Балпық би ауылында жүргізілді.
Футбол алаңдарын реновациялау аясындағы ҚФФ-ның ALAÑ жобасы 2023 жылы басталған болатын. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын ALAÑ бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы, ал мақсаты - футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.
Футбол алаңдарын өңдеу барысында басты назар спортпен қауіпсіз түрде айналысуына аударылады. Жобаның командасы бастапқы тексеріс кезінде республикамыздағы көптеген жасанды төсеніштер бетонның бетіне төселгенін анықтады. Бұл фактор жарақат алу қаупін арттырып, балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Өйткені қатты алаңдар қауіпсіздік стандарттарына сай келмейді. ALAÑ жобасы аясында міндетті түрде үш қабатты технологиялық құрылғы қолданылып, бұл тұтынушылардың қауіпсіздігіне кепілдік береді және төсеніш ұзақ мерзім бойы қызмет атқарады.
«Ақсу қаласындағы «Достық» стадионының салынғанына 50 жылдан асты. Бір мәрте жарықтандырылу жұмысы жүргізілді. Проект ALAŇ жобасы - бұл футбол алаңдарын жөндеуден өткізетін жай ғана жоба емес. Біз ҚФФ-пен бірге тек қана балалар турнирі ғана емес, салмағы бар бәсекелерді қабылдай алатын, қаланың мүмкіндігіне сай, барлық техникалық сұрақтар мен талаптарды талқыладық», - деді Ақсу қаласының стадионды абаттандыру ұйымының өкілі Игорь Веретнов.
Айта кетейік, жоба аясында италиялық Safitex компаниясының төсеніші қолданылады. Бұл төсеніш сапа мен қауіпсіздік жағынан УЕФА-ның барлық стандарттарына сай. Сондай-ақ, ҚФФ спорт нысандарының иелері үшін жаңартылған алаңдарды дұрыс күтім жасау және күтіп ұстау бойынша нақты талаптарды белгілейді.
«Біз мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасап, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға үлес қосамыз. Сондықтан басты назарды бұқаралық спортқа аударамыз. Бұқаралық футболсыз кәсіби футбол дамымайды. Сонымен қатар, өңдеуден өткен алаңдарда түрлі турнирлер мен жарыстар өткізілуі керек. Сонда ғана жоба үлкен жемісін береді», - Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.
ҚФФ жақын уақытта жаңа алаңдар Қызылорда, Атбасар, Саран қалаларында да қолданысқа берілетіндігін уәде етті. Құрылыс барысы және жоба жайлы толығырақ ALAÑ-ның YouTube арнасынан көре аласыздар. Ол жерде жобаның күнделігі шығып тұрады. Кезекті жаңа шығарылым Өскемен қаласындағы «Восток» стадионының қосалқы алаңының ашылуына арналған.