KZ
KZ RU
04 қазан 2024 11:32

Қазақстанның футбол ұйымдары азаматтарды АЭС салу бойынша референдумға қатысуға шақырады

04 қазан 2024 11:32
Қазақстан футбол федерациясы және Qazaqstan Football League ел азаматтарын атом электр станциясын салу бойынша 2024 жылдың 6 қазан күні өтетін Республикалық референдумға қатысуға шақырады. Еліміздің футбол ұйымдары отандастарымыздың белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, дауыс беруге қатысатынына сенеді.

Айта кетейік, осы жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.