KZ
KZ RU
01 тамыз 2024 08:57
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

Бәсекелестік өте жоғары - «Хан-Тәңірі» ФК бас директоры Тимур Молдағалиев

01 тамыз 2024 08:57

Алматылық «Хан-Тәңірі» клубы 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында чемпион атануға бірден-бір үмітті ұжым. Қазіргі сәтте олар турнир кестесінің 4-ші орынында тұр. Осы орайда клубтың бас директоры Тимур Молдағалиев «Ұлытау» командасына қарсы орталық матчтың алдында QFL.KZ сайтына сұхбат берді.

 

Тимур Қанатұлы, «Хан-Тәңірі» 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 17 турының қорытындысы бойынша турнир кестесінде төртінші орында тұр. Өзіңізге мәлім болғандай, екі үздік команда жоғарғы дивизионға шығады. Клуб басшылығы үлкен мақсатқа ұмтыла ма?

- Иә, «Хан-Тәңірі» клубының басшылығының мақсаты жоғары. Ол - OLIMPBET QFL Премьер-лигасына жолдама алу. Маусымның басында 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының бастапқы орындарын алу туралы мақсат қойылды. Алға қойған жоспарымызды орындау үшін, футболшылар бар күштерін салуда. Командада тәжірибелі және талантты жас ойыншылар да бар. Бұл сәтті өнер көрсету үшін, тепе-теңдікті ұстауға көмектеседі.

 

- Түрлі спорт сарапшылары фавориттер қатарына «Каспий», «Оқжетпес», «Ұлытау» клубтарын кіргізеді. Алайда «Хан-Тәңірі» мен «Жетісай» командалары да нәтижесімен таңғалдыруда. Сіздер үшін басты қарсыластар кім? Осы маусымда 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында бәсекелестік жоғары деңгейде деп айта аламыз ба?

- Осы маусымдағы басты қарсыластарымыз – «Оқжетпес», «Ұлытау», «Каспий». Бұл ұжымдар бұрыннан мықты және мақсаттары жоғары. Алайда «Жетісай» да өзінің жақсы қырынан көрсетіп, нәтижесімен таңғалдырды. Осы бес команда өзара OLIMPBET QFL Премьер-лигасының жолдамасын сарапқа салатынына сенімдімін. 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында бәсекелестік жоғары. Алдағы ойындар қызықты әрі тартысты болады.

 

- 18-ші турдың орталық матчында сіздер «Ұлытау» командасын қабылдайсыздар. Бірінші айналымда «Хан-Тәңірі» сырт алаңда жезқазғандықтарды 0:2 есебімен сенімді түрде жеңген болатын. Өткен аптада «Екібастұздан» жеңілгендеріңізді ескерсек, алдағы ойынға дайындықтарыңыз қалай өтуде?

- «Ұлытауға» қарсы ойынға жауапкершілікпен қараймыз. Бірінші айналымда 2:0 есебімен жеңсек те, алдағы кездесу оңайға соқпайды. «Ұлытау» - OLIMPBET QFL Премьер-лигасына шыққысы келетін үміткердің бірі. Олар біздің артықшылығымызды барынша қысуға тырысады. Біз өткен турдағы Екібастұздағы жеңілісімізден сабақ шығардық. Команда дайындықты қарқынды жүргізіп, қателікті сараптайды. Футболшыларымыз оң нәтижеге қолтжеткізуге мүдделі. Біз жанкүйерлердің қолдауының арқасында жұма күнгі матчымызды сәтті аяқтайтынымызға үміттенеміз.

 

- «Хан-Тәңірі» клубын отандық тәжірибелі маман Асқар Қожабергенов баптайды. Оның басшылығымен команда QFL Екінші лигасының дебютті маусымында чемпион атанды. Қазіргі сәтте клуб OLIMPBET QFL Премьер-лигасында ойнауға дайын ба? Команда турнирдің екінші айналымда көшбасшылардың қатарында қалуға күштері жете ме?

- Команданың жеткен жетістігіне қарап, көшбасшылардың қатарында болуға және жоғары деңгейде бәсекелесуге мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Алдағы мақсаттарымызға тоқталсақ. Клуб алдыңғы екі орынға таласуға үмітті. Себебі, бұл OLIMPBET QFL Премьер-лигасында ойнауға жолдама сыйлайды. Біздің команда: ойыншылар, бапкерлер, штаб, менеджменттің барлығы көшбасшылық орынды сақтап, екінші айналымда өзгелермен таласуға дайын.

 

- «Хан-Тәңірі» шабуылшысы Диас Қалыбаев 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Клуб алдағы уақытта шабуыл шебін күшейтуді жоспарлай ма?

- Иә, шынымен де солай. Диас Қалыбаев 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының сұрмергендер тізімінде тұр. Оның жоғары нәтижелілігі команданың сәтті өнер көрсетуіне әсер етіп, шабуыл шебіндегі маңыздылығын бағалаймыз. Жаңа ойыншылар жайлы жоспарымызға келетін болсақ. Бұл сұрақ көп сәтте қажеттілікке байланысты туындайды. Трансфер кезінде біз нәтижелі жұмыс істеп, күшейдік. Дәл қазір біз нәтижемізге көңіліміз толады және қосымша футболшыны алуды жоспарламаймыз. Алайда нарықты барынша бақылап, жақсы мүмкіндіктерді көзден таса жібермеуге тырысамыз.

 

- «Хан-Тәңірі» турнирде голды ең аз жіберетін үш команданың қатарына кіріп тұр. Қорғанысқа басымдық бересіздер ме? Команданың ойын стилін қалай сипаттар едіңіз?

- Біз шынымен де, турнирде ең аз гол жіберуімізбен ерекшеленеміз. Бұл біздің қорғаныс аспектісіне үлкен мән беретінімізді көрсетеді. Қорғаныс пен қақпамызда тәжірибелі футболшылардың болуы, қорғаныстың тұрақтылығына шешуші әсер етеді. Бірақ ойын стиліміз тек қорғаныспен шектелмейді. Тасқамал қорғанысымыз шабуылға да көмек беріп, балансты ұстауға тырысады. Сондай-ақ барлық ойын элементтерін де күшейтуге жұмыс істеудеміз.Команданың барлық шебі ұйымдасып, алға қойған міндетті орындауға тырысуы өте маңызды.

 

- Осы маусымда 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында тек қана отандық футболдың түлектері ойнауда. Бұл матчтың сапасына қаншалықты әсер етті? Осы маусымды тартымдылығы, шиеленісі жағынан ең қызықты деуге бола ма?

- Бұл біздің футболымыз үшін үлкен жетістік. Алаңға тек отандық футболдың түлектері ғана шыққанда, жас ойыншылар өздерін үлкен футболда көрсетуге мүмкіндік алады. Тіпті лимиттегі жас ойыншылар да өз шеберлігін паш етуге барынша тырысады. Бұл матчтың деңгейін жоғарлатып, бәсекелестікке де әсерін тигізеді. Бұндай әдіс талантты футболшыларды дамытып қана қоймай, жергілікті футбол сүйер жанкүйерлердің назарын аудартады. Біз олардың амбициясын қолдап, жетістікке жетуіне көмектесеміз.

 

Айта кетейік, 2 тамыз күні 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 18-ші турында «Хан-Тәңірі» өз алаңында «Ұлытау» командасын қабылдайды. Матч Алматы қаласында кешкі 19:00-де «Хан-Тәңірі» стадионында өтеді. Кездесуді Q Football телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және Q Football мобильді қосымшасынан көре аласыздар.