KZ
KZ RU
25 маусым 2024 14:30
ӘЙЕЛДЕР ЛИГАСЫ

«Биік-Шымкент» QFL Әйелдер лигасында көш бастап келеді

25 маусым 2024 14:30

QFL Әйелдер лигасының 6 турының қорытындысы бойынша, «БИІК-Шымкент» турнир кестесінде сенімді түрде бірінші орында тұр. Команда барлық 4 матчта жеңіске жетіп, 12 ұпай еншіледі. Екінші орындағы «Ақтөбеде» 12 ұпай болса да, олар шымкенттіктерден қарағанда 2 ойын артық өткізген. Ал «Ордабасы» мен «Томирис-Тұран» 6 ұпаймен 3-4 орындарды бөлісіп тұрса, «Оқжетпеске» әзірше ұпай бұйырмады.

 

6 турдың қорытындысы бойынша қызық дерек:

- «БИІК-Шымкент» ең көп 15 гол соқты;

- Әлі бірде-бір тең есеп тіркелмеді;

- «БИІК-Шымкент» командасының көшбасшысы Гульнара Габелия бірінші покерін жасады;

- «Томирис-Тұран» мен «Оқжетпес» командалары ең көп 17 гол жіберді;

- «БИІК-Шымкент» шабуылдан бөлек, қорғаныста да өте сауатты ойнауда. Клуб 4 кездесуде небары 1 ғана гол өткізіп алды.

 

Айта кетейік, QFL Әйелдер лигасында бес команда өнер көрсетеді: «Ақтөбе», «БИІК-Шымкент», «Оқжетпес», «Ордабасы» және «Томирис-Тұран». Турнир 4 айналымнан тұрып Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Түркістан қалаларында өтеді. 7-ші тур ойындары 29 маусымға жоспарланған. Матчтарды Q Football, Q Arena телеарналарынан және QFL.KZ сайттарынан тікелей эфирде көре аласыз.