KZ
KZ RU
15 шілде 2024 10:49
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Әділет Садыбеков пен Александр Седнёв маусым айының үздіктері атанды

15 шілде 2024 10:49

Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Премьер-лигасының маусым айындағы үздік ойыншы мен бапкерді назарыңызға ұсынады. Айта кетейік, үздік ойыншы клубтардың бапкерлері мен капитандарының дауыс беруі арқылы анықталды, ал үздік бапкерді тек қана клубтардың бапкерлері таңдады.


Маусым айында үздік ойыншы ретінде «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков танылды. Ол өткен айда алматылық клубтың барлық матчтарына қатысып, екі гол соқты. Ал маусым айының үздік бапкері номинациясы 50 жастағы маман Александр Седнёвқа бұйырды. Жаттықтырушының тізгіндеуімен «Ордабасы» клубы төрт ойында да жеңіске жетіп, OLIMPBET QFL Премьер-лигасының алғашқы айналымын бірінші орында аяқтады.


QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, табыс тілейді!