«Ертіс» немесе «Шахтер Ж»: 1 қазанда QFL Екінші лигасының тағы бір чемпионы анықталады
24-25 қыркүйек күндері өткен QFL Екінші лигасының 21-ші тур аясында «Ертіс» өз алаңында SD Family Ж қақпасына 8 гол соқса, «Шахтер» жастары «Астана Ж» командасымен тең ойнады (1:1). Нәтижесінде, «Солтүстік-Шығыс» конференциясы турнирлік кестесінде павлодарлық клубта 53 ұпай бар, ал қарағандылық командада 52 ұпай.
21-ші турда қандай нәтижелер тіркелді?
- 11 ойында 47 гол соғылды.
- 48 сары қағаз көрсетіліп, 4 ойыншы алаңнан қуылды.
- Әзірше «Ертіс» клубы ғана 6 жеңіс сериясымен жалғастыруда.
- «Ертіс» осы маусымдағы ең ірі жеңісін тіркеді.
«Солтүстік-Шығыс» конференциясы
«Астана Ж» - «Шахтер Ж» - 1:1
Голдар: Батыржан Мұстафин, 38 минут (1:0), Руслан Тұтқышев, 72 минут (1:1)
Турдың орталық әрі шешуші ойыны Sydykbek Arena-да өтті. Фавориттердің «Астана» жастарына қарсы матчтары оңайға соқпайтыны осы маусымда бірнеше рет дәлелденді. Тіпті «Ертістің» өзі соңғы минутта ғана жеңісті жұлып алып еді. Сондықтан қарағандылықтардың ұпай жоғалту қауіпі жоғары болды. Өйткені қонақтар сапында Шыңғыс Флюк сынды сұрмерген өте тапшы еді. Бірінші таймда «Шахтер» жастары алғашқы шабуылды ұйымдастырғанымен, қалған уақытта алдыңғы шебі мықты алаң иелері лайықты түрде жауап қатумен болды. Нәтижесінде Батыржан Мұстафин жеке шеберлігінің арқасында астаналықтарды алға шығарды. Бұл гол кеншілердің белсенді ойнауына әсер етті. Екінші тайм нағыз қиян-кескі шайқасқа толы болды. «Шахтер» жастары жеңісті жұлып алуға ұмтылса, «Астана» жастары өте қауіпті қарымта шабуылдар жасады. Ал 72-ші минутта алаң иелерінің қақпашысының қателігі тараз басының теңестіруіне әкелді. Бұл гол жанкүйерлерді соңғы секундқа дейін қысымда ұстағанымен, қос тараптың да жеңіске деген ұмтылыстары нәтиже бермеді. Есеп: 1:1. Осылайша, қарағандылықтар 1 тур қалғанда, чемпиондықтан айырылу қауіпін жоғарлатты.
«Ертіс» - SD Family Ж - 8:0
Голдар: Арман Смайылов, 8 минут (1:0), Жаслан Қайыркенов, 12 минут (2:0), Александр Бовкун, 40 минут (3:0), Арман Смайылов, 44 минут (4:0), Арман Смайылов, 48 минут (5:0), Изат Құлжанов, 51 минут (6:0), Арман Смайылов, 59 минут (7:0), Тимур Байжанов, 87 минут (8:0)
Астанадағы жағымды нәтижеден кейін «Ертіс» футболшылар екі есе жігерленіп шықты. Чемпиондықтың тағдыры енді тікелей павлодарлықтардың еншісінде қалды. Ол үшін тек қана жеңіске жетсе болғаны. Төрешінің ысқырығынан кейін-ақ алаң иелері шабуылға лап қойып, қонақтарды жарты алаңнан шығармады. Нәтижесінде 12 минуттың ішінде таблодағы есеп 2:0-ге жетті. Алғашқы айналымда SD Family жастарының сенсациялық жеңіске жеткені мәлім. Сондықтан бұл команда да тек қорғанысқа жатып алмай, алыстан қауіпті соққылар бағыттап тұрды. Бірақ «Ертіс» қақпашысы ешқандай қателікке жол бермеді. Ал алаң иелері бірінші таймда сенімді түрде алға шыққанымен, соңғы минутқа қарқындарын бәсеңдетпеді. 90 минуттың қорытындысы бойынша, «Ертіс» 24 соққы жасап, Арман Смайылов покер авторы атанды.
QFL Екінші лиганың 21-ші туры аясындағы өзге матчтардың есептері:
«Солтүстік-Шығыс» конференциясы
«Елімай Ж» - «Қызылжар Ж» - 1:2
Голдар: Даниленко, 9 минутта автогол (0:1), Гамазин, 18 минутта автогол (1:1), Глеб Логиновский, 70 минут (1:2)
«Жетісу Ж» - «Тобыл Ж» - 2:4
Голдар: Еламан Оспанғали, 10 минут (0:1), Ильяр Ганиев, 21 минут (1:1), Нұрбол Жұмаделов, 47 минут (1:2), Нұркен Сүйінбай, 57 минут (2:2), Еламан Оспанғали, 73 минут (2:3), Нұрбек Байжанов, 79 минутта (пенальти, 2:4)
«Оқжетпес Ж» - «Алтай Ж» - 2:3
Голдар: Бекжан Қабылғазин, 49 минут (0:1), Александр Воронин, 59 минут (1:1), Ермахан Дүйсембай, 64 минут (1:2), Ануар Аманжанов, 73 минут (1:3), Даниал Қадыш, 87 минут (2:3)
«Жеңіс Жас» - «Ақсу» - 1:2
Голдар: Хамза Мұхаметәлі, 35 минут (1:0), Әлихан Ынтықбаев, 61 минут (1:1), Ерназар Дюсеков, 70 минут (1:2)
«Оңтүстік-Батыс» конференциясы
«Талас» - «Жас Қыран» - 3:5
Голдар: Әмір Әлихан, 2 минут (0:1), Әмір Әлихан, 18 минут (0:2), Шалтенов, 51 минутта автогол (0:3), Бахтишат Абдуллаев, 53 минут (0:4), Жолбарыс Шалтенов, 56 минутта пенальти (1:4), Әмір Әлихан, 68 минут (1:5), Санжар Абдуваитов, 79 минут (2:5), Тілеуберді Момын, 90+2 минут (3:5)
Алаңнан қуылғандар: Расул Қоныс, 71 минут, Санжар Абдуваитов, 82 минут ( екеуі де «Талас»), Әбілхайыр Әлиакбар, 90 минут («Жас Қыран»)
«Ордабасы Ж» - «Оңтүстік» - 1:1
Голдар: Мұхамед Садуақас, 13 минут (1:0), Мағжан Тоқтыбай, 57 минут (1:1)
«Тұран Ж» - «Мақтаарал» - 0:5
Голдар: Орал Орынбасар, 37 минут (0:1), Рамазан Әли-Оғлы, 44 минут (0:2), Мырзабек Асан, 60 минут (0:3), Cанжар Әлқайдаров, 65 минут (0:4), Аңсар Есімғали, 90 минут (0:5)
«Қайсар-Шиелі» - «Тараз Ж» - 1:0
Гол: Данияр Назар, 86 минут (1:0)
AKAS – KazAST - 3:1
Голдар: Сергей Гридин, 38 минут (1:0), Сергей Гридин, 48 минутта пенальти (2:0), Азат Әміржанов, 76 минут (3:0), Салауат Ғабдулахмет, 90+1 минут (3:1)
Алаңнан қуылды: Салауат Ғабдулахмет, 90+1 минут (KazAST)
Айта кетейік, ҚР футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі ережелерді орындамағаны үшін «Іле-Алатау» футбол клубы QFL жарыстарына қатысу құқығынан айырылды. Осы ретте, 21-ші турда «Атырау Ж» - «Іле-Алатау» ойынында «Атырау Ж» командасына жеңіс есептелді.
QFL Екінші лигасының соңғы 22-ші тур ойындары 1 қазанда өтеді. «Оңтүстік-Батыс» конференциясында AKAS клубы жеңімпаз атанса, «Солтүстік-Шығыс» конференциясында чемпион осы күні белгілі болады.