KZ
KZ RU
26 қараша 2024 13:20

ҚФФ 2025 жылы 7 футбол алаңын жөндеуден өткізуді жоспарлайды

26 қараша 2024 13:20

Қазақстан футбол федерациясы ауқымды ALAŇ жобасын одан әрі жүзеге асуын жалғастырады. 2025 жылы тағы 7 халықаралық талаптарға сай жаңа футбол алаңдары қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Футбол алаңдарын реновациялауға бюджеттің қаржысы жұмсалмайды. 

Футбол алаңдарын реновациялау аясындағы ҚФФ-ның ALAÑ жобасы 2023 жылы басталған болатын. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын ALAÑ бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы, ал мақсаты - футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау. 

«Екі жылдың ішінде 13 футбол алаңын жөндеуден өткіздік. Біз өзімізді бұқаралық футболды дамытып, танытуына үлес қостық деп санаймыз. Келесі жылы тағы 7 алаңды жөндеуден өткізу жоспарымызда бар. Енді дайындық жұмыстары, футбол алаңдарын анықтау, техникалық құжатын әзірлеп, УЕФА-ның тапсырысына енгіземіз. Одан кейін біз келесі жылы жаңа алаңдарда кездесетін боламыз», - деді ALAŇ жобасының жетекшісі Сергей Попов. 

ALAŇ жобасы Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар, Саран қалалалары мен Жетісу облысындағы Балпық би ауылын қамтыды. Өңделген алаңда кәсіпқой футбол клубтарының матчтары мен түрлі балалар-жасөспірімдер турнирлері өтті. Футболшылар мен көптеген мамандар Италиядан арнайы әкелінген төсенішке өздерінің жоғары бағасын берді. 

«Қазақстан футбол федерациясының ALAŇ жобасы арқасында жаңа алаңның пайда болғанына қуаныштымыз. Мен Қызылордада дүниеге келіп, Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда мансабымды бастадым. Бұл бұрын құм болған еді. Сондай жағдайда жаттығу өткіздік. Жақсы жағдайы жасалған балалар үшін қуаныштымын. Алаңның сапасы жоғары. Бұл жерден «Қайсар» және ұлттық құраманың намысын қорғайтын ойыншылар шығатынына сенімдімін», - деп Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионының қосалқы алаңының ашылу салтанатында ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген ойымен бөлісті.

Айта кетейік, жаңа алаңның ашылулары ҚФФ басшылығы және өңірлердің әкімшілігінің қатысуымен өтті. Сонымен қатар, салтанатты іс-шарада ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов балалармен ашық жаттығу өткізіп, балалар мен жасөспірімдер демеушілердің тарапынан естелік сыйлық алды. Футбол федерациясы осындай фестивальдер келесі жылы да ұйымдастырылатынын атап өтті.