KZ
KZ RU
09 қыркүйек 2024 20:00

ҚФФ «ALAÑ» жобасы аясында 9 жасыл алаңды жөндеуден өткізеді

09 қыркүйек 2024 20:00

Қазақстан футбол федерациясы ауқымды «ALAÑ» жобасы аясында футбол алаңдарын өңдеу жұмыстарын жалғастыруда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында бұл бағдарлама 2023 жылы бастауын алған еді. Бағдарлама үш жылға жоспарланып, УЕФА тарапының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Басты мақсат – спорттық инфрақұрылымдардың сапасын жоғарлатып, Республика көлемінде бұқаралық футболды дамыту. Жобаның басты серіктесі - 1XBET компаниясы.

Бағдарламаның басты міндеті – тек жаңа футбол алаңын ашып қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне де жауап беру. Сондықтан барлық объектілер ФИФА мен УЕФА стандарттарына толық сай деп айтуға болады. Жоғары талап пен қолайлы болу үшін арнайы төсеніш Италиядан әкелінеді. Талаптар өте көп. Бастапқы дайындық кезеңінен бастап, жасанды төсенішті салуға дейінгі аралықта сапаны үнемі қадағалап, құралдардың таза болуына мән беру керек. Қатаң талаптар тіпті жасанды жабынға салынған толтырғышқа да арналған.

«ALAÑ» жобасының командасы өңірдегі спорттық кешендерге бару сәтінде-ақ үлкен мәселелерді анықтады. Жасыл алаңдардың төсеніші өте қатты болып, асфальт төселген жолға қатты ұқсайды. Келеңсіз жайт тек ойын сәтіне ғана емес, болашақта жас спортшылардың өмір сапасына, денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Бұны тек Қазақстан футбол федерациясы ғана емес, жобаның басты серіктесі 1XBET компаниясы да құптайды.

Өткен жылы ғана «ALAÑ» жобасы аясында Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Жетісу облысында стадиондар жөндеуден өтті. Ал 26 тамызда Петропавл қаласында «Динамо» стадионының тұсауы кесілді. Жыл соңына дейін тағы Ақсу, Саран, Өскемен, Аягөз, Балқаш, Атбасар, Жезқазған, Қызылорда қалаларында тағы 8 жаңа стадион бітеді деп жоспарланған. Өңделген жаңа футбол алаңдары аймақтық өкілетті органдардың қарамағына беріледі. Айта кетейік, жобаның бренд-амбассоры ретінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен ұлттық құраманың экс-капитан Самат Смақов таңдалған.

Алаңдарды қайта өңдеу тек балалар-жасөспірімдер футболының дамуынан бөлек, футбол клубтарына сертификатталған стадиондарда доп тебуге мүмкіндік береді. Бұған дейін айтылғандай, жөндеу жұмыстары толық ашық көріністе жалғасып, ашылу сәтінде өңірде футбол фестивалі ұйымдастырылады.

Құрылыс барысы мен жоба бойынша толығырақ ALAÑ-ның YouTube арнасынан көре аласыз.