KZ
KZ RU
09 қараша 2024 11:27

ҚФФ Саранның 70 жылдығына орай жаңа футбол алаңын сыйлады

09 қараша 2024 11:27

ALAÑ жобасы аясында тағы бір жаңа алаң Саран қаласында қолданысқа берілді. Кезекті ауқымды жұмыс «Сұңқар» стадионында сәтті аяқталды. Жаңартылған алаң Қазақстан футбол федерациясының қаланың 70 жылдығына арнаған тартуы болды.

Жаңа төсеніштің сапасын ҚФФ әкімшілігінің өкілдері, жергілікті футбол ассоциациясы басшылығы мен спортшылартексерді. Сонымен қатар іс-шарада жобаның амбассадоры - ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов балалармен ашық жаттығу өткізіп, қолтаңба берді. Айта кетейік, соңғы рет 4 мың жанкүйерге арналған стадионда жөндеу жұмысы 15 жыл бұрын ғана жүргізіліп еді.

«Біз Саран қаласындағы футбол алаңын ауыстыру үшін ҚФФ-ке өтінім бердікБерген тапсырысымыз барлық талаптарға сай келіпармандауға тұрарлық италиялық сападағы алаң салындыБұл жерде футболмен 300-ге жуық бала айналысатын боладыСтадионға жөндеу жұмысын жасап берген ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов пен қала әкімшілігіне алғысымды айтамынБіз бұл жерде тек қалалықоблыстық жарыспен шектелмейРеспубликалық деңгейге шықсақ дейміз», - деді Қарағанды облысының футбол ассоциациясының төрағасы Николай Бублинский.

Футбол алаңдарын реновациялау аясындағы ҚФФ-ның ALAÑ жобасы 2023 жылы басталған болатын. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын ALAÑ бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы, ал мақсаты - футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.

«2009 жылдан бері футболмен айналысам және менің жолым Сараннан басталып едіКішігірім қалада осындай керемет алаң соғып бергені үшін Қазақстан футбол федерациясына алғысым шексізБұндай жоғары сапа біраздан бері болмап еді. ALAÑ жобасы Қазақстанның барлық өңірінде жалғасыпбалалардың жаттығыпхалықаралық аренада бақтарын сынағанын қалаймынБұл балаларжасөспірімдер және ересектер футболының дамуы үшін үлкен үлес», - деп футболдан әйелдер ұлттық құрамасының ойыншысы Анастасия Низамутдинова пікірін білдірді.

Айта кетейік, жалпы ALAÑ жобасының жүзеге асуы 2023-2025 жылдарға жоспарланған. Бұған дейін елімізде Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар қалалалары мен Жетісу облысындағы 12 алаң қолданысқа берілген болатын. Жалпы жоба аясында Қазақстанның 20 футбол алаңын жөндеу жоспарда бар.