KZ
KZ RU
20 қыркүйек 2024 08:51
OLIMPBET КУБОК

Игорь Леонов - Кубокты жеңіп, бірінші орын алғым келеді

20 қыркүйек 2024 08:51

Араға 16 жыл салып, «Ақтөбе» клубы OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында жеңімпаз атануы мүмкін. 9 күннен кейін турнирдің финалында команда «Атыраумен» басты жүлдені сарапқа салады. Шешуші ойынға дайындық қалай жүріп жатыр, жеңіске деген мүмкіншілігі қаншалықты, ақтөбеліктердің OLIMPBET QFL Премьер-лигасындағы көшбасшылығы жайлы клубтың жаңа бас бапкері Игорь Леонов айтып берді.

 

- Игорь Иванович, 29 қыркүйек күні OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалында «Атырау» мен «Ақтөбе» клубтары кездеседі. «Қызыл-ақтардың» бас бапкері ретінде небәрі үшінші матчыңызда айтулы кубокты жеңіп алуыңыз мүмкін. Бұл ойынға дайындалып жатырсыздар ма? Көптеген спорт сарапшылары сіздерді фаворит деген уәжбен келісесіз бе?

- «Ақтөбе» фаворит дегенге келіспеймін. Бұл OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалы. Қос клуб та фаворит. Бұл жерде екі команда ойнайды. Футболшы ретінде екі мәрте финалда доп тептім. Сол сәтте «Днепр» мықты саналғанымен, түптің түбінде оларды жеңіп кеттік. Сондықтан алдын ала тон пішудің қажеті жоқ.

 

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалының биылғы жылдағы ерекшелігі – алғаш рет батыстық дерби өтеді. Бұған дейін «Атырау» мен «Ақтөбе» тек 2010 жылы Қазақстан Суперкубогының финалында кездесіп, ақтөбеліктер 2:0 есебімен басым түскен. Осы маусымда қос команда OLIMPBET QFL Премьер-лигасында екі рет жолығып, тең тарқасты. Қарсыластың қорғанысы мығым екендігін ескерсек, қазірден бастап зерттеп жатқан шығарсыз? «Ақтөбенің» шабуыл шебі «Атырау» қақпасының кілтін таба ала ма?

– Әрине, «Атырауды» зерттейміз. Бұл финал. Олар да қол қусырып отырмайтындығы түсінікті. «Атырауды» жақсы білемін. Екі ойынды да көрдім. Әсіресе сырт алаңдағы матчты жіті бақыладым. Алдағы матч мүлдем өзгеше. Қос тарап та жеңіске жетуге тырысады. Кімнің жолы болады? Мықтысы басым түседі.

 

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалына дейін осы аптада Қостанай қаласында өте ауыр кездесу өткізесіздер. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 21-турының орталық ойынында «Тобылмен» күш сынасасыздар. Қос клубтың теке-тірестері тарихқа толы. Ал бірінші айналымда Қобыланды батыр атындағы стадионда командалар 7 гол соқты. Бір аптадан кейін Алматыдағы матчты ескерсек, құрамда өзгерістер жасайсыздар ма әлде «Тобылдан» реванш алып, OLIMPBET QFL Премьер-лигасында көшбасшылық орынды сақтайсыздар ма?

– Бастысы – 29 қыркүйек күні өтетін OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалы. Жалпы бізде бес ойын ғана қалды. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының әр матчы финал іспеттес. «Тобылмен» өткен кездесуді көріп шықтым. Біз 3:4 есебімен жеңілдік. Жақсы ойын болды. Бірақ қазір жігіттеріміз жинақталды. Сондықтан реванш жасауға мүдделіміз.

 

– OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалына дейін «Жетісу», «Ордабасы», «Елімайды» жарыстан шығардыңыздар. Ендігі кезекте «Атырау». Виталий Жуковскийдің шәкірттерін қалай бағалар едіңіз?

– Егер команда финалға дейін жетсе, жақсы екендігі белгілі. Олардың «Тобылды» жеңгенінен хабардармын. Шынымды айтсам, күтпедім. Олар екі ойында да, әсіресе өз үйінде «Тобылға» мүмкіндік қалдырмады. Өте мықты ұжым.

 

– Сіздің украиналық клубтарда жұмыс істеу тәжірибеңіз мол. Кезінде Украина ұлттық құрамасының көшбасшысының бірі, қазіргі сәтте «Челси» жейдесінің намысын қорғайтын Михаил Мудрикті де жаттықтырдыңыз. Осы жылдың басынан бері «Ақтөбе» футбол орталығында қызмет еткендігіңізді ескерсек, жастарға да көңіл бөлесіз бе?

– Иә, әрине. Жастарды бала кезден тәрбиелеген қатты ұнайды. «Шахтер-3» клубын жаттықтырғанда, 17-20 жас аралығындағы жас жігіттер болды. Мен де жастардан бастадым. Жастарды дамыту керек дегенмен келісемін. Осында келгенде, бірінші және екінші команда болды. Олар жеке жүреді. Бірақ керісінше, өзара жолдастық матчтар өткізіп, жастардың деңгейін көру керек. Дамыту қажет. Михаил Мудрик сөзсіз талант. Ондай футболшылар күнде дүниеге келе бермейді. Ол жерде өзге де таланттар болды.

 

– OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалынан бөлек, OLIMPBET QFL Премьер-лигасында да тартыс жалғасуда. Чемпиондыққа «Ақтөбе», «Елімай», «Ордабасы», «Астана», «Қайрат» үмітті. Басты мақсат – чемпиондық атақ па әлде еурокубок аймағында болу ма?

– Басты мақсатымыз – OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында чемпион атанып, OLIMPBET QFL Премьер-лигасында бірінші орын алу. Бұл басшылықтың маусым алдында қойған жоспары. Мен бұны білемін және басшылармен сөйлестім. Мақсат біреу ғана. Бастапқыдан солай. Әрине, кубокты жеңіп, бірінші орын алғым келеді. Бірақ бастысы, біз әлі күресудеміз.

 

– Жанкүйерлер клубтан кубок күтіп жүргеніне біраз уақыт болды және маусым басынан бері жергілікті стадионда тынымсыз қолдауда. Одан бөлек, OLIMPBET QFL Премьер-лигасы аясында «Қайрат» - «Ақтөбе» матчында жанкүйерлердің саны бойынша рекорд та тіркелді. «Ақтөбе» өз тарихында бір мәрте ғана және осы стадионда 16 жыл бұрын кубокты жеңген. Тарих қайталана ма? Жанкүйерлердің қолдауы қаншалықты маңызды?

– Стадион көрермендерге лық толса, міндетті түрде көмектеседі. Сондықтан жігіттеріміз жеңіске деген құлшынысын жанкүйерлерге көрсеті білуі керек. Бастысы – жанкүйерлер үшін ойнаймыз. Егер олар болмаса, кім үшін ойнар едік? Финалға көп адам жиналатынын білемін және күтемін. Қолдаудың арқасында жігіттеріміз қолдарынан келгенін көрсетуі тиіс. Иә, Қазақстан кубогын сонау 2008 жылы алдық. Жанкүйерлер көп күтті. Тек олар ғана емес. Сол себепті, кубокты Ақтөбеге әкелу үшін барымызды саламыз.

 

22 қыркүйек күні кешкі 19:00-де OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 21-ші туры аясында «Ақтөбе» сырт алаңда «Тобылға» қарсы доп тебеді. Матчты тікелей эфирде Q Football телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және Q Football мобильді қосымшасынан көре аласыздар. Ал 29 қыркүйек күні кешкі 17:00-де Алматының Орталық стадионында ақтөбеліктер OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалында «Атыраумен» күш сынасады.

 

Финалдық ойынға билеттерді осы сілтеме арқылы ала аласыздар. Сатылымнан түскен қаржы «Мейірім» (Алматы қ.) оңалту орталығына аударылады. Айта кетейік, Қазақстан кубогының басты демеушісі – OLIMPBET букмекерлік компаниясы. Финалдың серіктесі ретінде AirAsia әуе компаниясы мен «Додо Пицца» халықаралық пиццерия желісі танылды.