21 тамыз 2024 20:00
ЕКІНШІ ЛИГА
«Іле-Алатау» клубына тағы да техникалық жеңіліс берілді
21 тамыз 2024 20:00
QFL Екінші лигасы «Оңтүстік-Батыс» конференциясының 17-ші туры аясында өтуге тиіс болған «Тұран Ж» - «Іле-Алатау» ойынына «Іле-Алатау» футбол клубының келмеуіне байланысты 3:0 есебімен техникалық жеңіліс берілді. Бұндай шешім 2024 жылдың 20 тамызында өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырысында қабылданды.
«Тұран Ж» - «Іле-Алатау» матчы 2024 жылдың 14 тамызында Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде өтуі тиіс еді. Айта кетейік, бұған дейін «Іле-Алатау» клубына 16-шы турда да техникалық жеңіліс берілген болатын.

Басқа жаңалықтар