KZ
KZ RU
17 қазан 2024 12:24
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Ислам Чесноков пен Григорий Бабаян қыркүйек айының үздіктері ретінде танылды

17 қазан 2024 12:24
Qazaqstan Football League 2024 жылдың қыркүйек айы бойынша OLIMPBET QFL Премьер-лигасындағы үздік ойыншы мен бапкерді назарыңызға ұсынады. «Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» номинациясы иегерінің жеңімпазын таңдады. 

Қыркүйек айының үздік ойыншысы ретінде «Тобыл» клубының сұрмергені Ислам Чесноков танылды. Ол өткен айда қостанайлықтар сапында барлық матчқа қатысып, 2 гол соқты. Қазіргі сәтте 24 жастағы футболшы осы маусымдағы сұрмергендер тізімінде топ бастап тұр. Ал қыркүйек айындағы үздік бапкер атағы 44 жастағы Григорий Бабаянға бұйырды. Оның баптауымен «Астана» клубы қыркүйек айындағы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. 

QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!