27 маусым 2017 23:54
 
		ҚКФЛ-ТВ жобасы "Ертіс" - "Дунав" (Болгария) ойынын тікелей эфирде көрсетеді
27 маусым 2017 23:54
Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің "Ертіс" - "Дунав" ойынының Қазақстан телеарналарында тікелей көрсетілімі ұйымдастырылмағандықтан, Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы аталған кездесуді ҚКФЛ-ТВ жобасында тікелей эфирде көрсетуге шешім қабылдады.  
Сонымен қатар ҚКФЛ телевизиялық сигналды болгарлық әріптестермен алмасуға деген келісімге келді. Қазақстандық жанкүйерлердің екі кездесуді де ҚКФЛ-ТВ жобасынан көруге мүмкіндігі болады. 
Естеріңізге сала кетейік, "Ертіс" - "Дунав" ойыны 29 маусымда өтеді. Тікелей көрсетілімнің басталуы - Астана уақытымен 19:50-де. 
Қарымта ойын Болгарияда 6 шілдеде болады. Тікелей эфир Астана уақытымен 22:50-де жоспарланған.   
Басқа жаңалықтар
	 
							 
							 
							 
							 
							 
							 
							 
							 
							 
							 
				