KZ
KZ RU
19 маусым 2024 12:00
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Максим Самородов пен Дмитрий Парфёнов мамыр айында үздік деп танылды

19 маусым 2024 12:00
Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Премьер-лигасының мамыр айындағы үздік ойыншы мен бапкерді назарыңызға ұсынады. Айта кетейік, үздіктер клубтардың бапкерлері мен капитандарының дауыс беруі арқылы анықталды.

Мамыр айының ең үздік ойыншысы болып «Ақтөбе» клубының шабуылшысы Максим Самородов танылды. Ол өткен айда «ақ-қызылдардың» барлық кездесулеріне қатысты. Қазіргі сәтте 5 голмен сұрмергендердің тізімін бастап тұр. Ал үздік бапкер атағы 49 жастағы Дмитрий Парфёновқа бұйырды. Бас бапкердің жетекшілігімен «Ақтөбе» өткен айда жеңілмеді. Нәтижесінде OLIMPBET QFL Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.

QFL номинация жеңімпаздарын құттықтап, табыс тілейді!