25 қазан 2024 15:53

1XBET БІРІНШІ ЛИГА
«Оқжетпес» - 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының чемпионы
25 қазан 2024 15:53
Бүгін 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасы аяқталып, «Оқжетпес» клубы маусым қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Көкшетаулықтар соңғы 30-шы турда «Қайсар Жас» командасын қабылдап, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. 23-ші минутта Дәурен Жұмат бірінші гол соқты, ал Батырхан Тәжібай мен Алияр Мұхаммед дубль авторы атанды.
«Барша отандастарымызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Осы айрықша күні біз Бірінші лиганың кезекті маусымын аяқтап жатырмыз. Барлық командалар соңына дейін күресіп, бүгінге күнге дейін шиеленісті сақтады. Осы орайда Ақмола облысы басшылығы және «Оқжетпес» футбол клубының әкімшілігі, қызметкерлері, бапкерлік штаб, ойыншылары мен жанкүйерлерін чемпиондығымен құттықтап, келесі жылғы Премьер-лигада сәттілік тілеймін», - деді Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров.

Басқа жаңалықтар