KZ
KZ RU
12 шілде 2024 23:08
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

«Оқжетпес» алғашқы айналымды бірінші орынмен аяқтады

12 шілде 2024 23:08

11-12 шілде күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының кезекті турында көкшетаулық «Оқжетпес» клубы маңызды жеңіске жетіп, бірінші орынға шықты.

 

Қандай жайттар тіркелді?

- 6 ойында 19 гол соғылды.

- 31 сары қағаз көрсетіліп, 2 ойыншы алаңнан қуылды.

- «Оқжетпес» 6 матч бойы қақпасына гол жібермеді.

- «Ұлытаудың» жаңа ойыншысы Шыңғыс Флюк 3 кездесуде де көзге түсті.

- SD Family бірінші айналымдағы ең көп гол соққан команда ретінде танылды.

                                                                                                                                         

«Түркістан» - «Ұлытау» - 1:1

Голдар: Бейбарыс Әбілхай, 26 минут (1:0), Шыңғыс Флюк, 90+3 минут (1:1)

«Ұлытау» қонақта ойнағанымен, айқын фаворит саналды. Себебі, жезқазғандықтар турнир кестесінде жоғары орындарда келе жатыр еді. Әрі осы жеңіс турнир кестесіндегі үштікке де кіріп қалуына мүмкіндік беретін. Бірақ матчта күтпеген жерден «Түркістан» ашты. 26-шы минутта Бейбарыс Әбілхайдың алыстан тепкен соққысы рикошетпен голға айналып кетті. Қонақтар есепті теңестіруге ұмтылғанымен, дәлдік жағынан біраз ақсады. Екінші таймда «Ұлытау» тайлы-тұяғымен шабуылға басымдық берсе, «Түркістан» қарымта шабуылымен қақпашының мазасын қашыруымен болды. Бірақ Шерзат Примбердиев бастаған креативті ойыншылар есепті арттыра алмады. Ал осы маусымда 3 лигада да доп теуіп үлгерген «Ұлытаудың» шабуылшысы Шыңғыс Флюк соңғы минутта белсеніп, командасын күтпеген жеңілістен құтқарып қалды.

 

«Оқжетпес» - «Қайрат-Жастар» - 3:0

Голдар: Бексұлтан Шәмші, 9 минут (1:0), Дәурен Жұмат, 69 минут (2:0), Қобыланды Камариден, 78 минут (3:0)

Турнир кестесі тұрғысынан бұл кездесу «Оқжетпеске» өте маңызды еді. Себебі, кезекті 3 ұпай «Оқжетпесті» бірінші орынға шығаратын. Алғашқы минуттардан-ақ командалар аңдысып жатпай, бірнеше рет шабуыл алмасып үлгерді. Нәтижесінде Бексұлтан Шәмші 9-шы минутта есеп ашып үлгерді. «Қайрат-Жастар» жақсы пас алмасып, жүйелі түрде ойнағанымен, тәжірибелі қарсыласына шеберліктері жетпей қалды. Ал екінші таймда алаң иелері есепті арттырып, жеңімпаздың тағдырын шешті. Бұл голдардан кейін алматылықтар қауіпті соққы жасаса да, 24 жастағы қақпашы Қажымұқан Төлепберген сыр бермей, 6 кездесу қатарынан қақпасын аман алып қалды.

 

SD Family – «Арыс» - 6:1

Голдар: Байжан Мәделхан, 17 минут (1:0), Эмин Мұсаев, 31 минут (2:0), Артур Дадаханов, 57 минут (3:0), Диас Усеинов, 58 минут (4:0), Ерболат Орынбек, 62 минут (4:1), Шадман Бакиров, 84 минут (5:1), Шадман Бакиров, 86 минут (6:1)

Фавориттерді жеңіп, сенімділігін арттырған SD Family клубы өз алаңында «Арысты» жайпап өтті. Астаналықтар прессингпен қарсыластың қателесуіне жол беріп, әр дәл соққысын голға айналдырып отырды. Командаға енді ғана қосылған Эмин Мұсаев, Артур Дадаханов, Диас Усеинов сынды футболшылар да белсеніп, құраманы күшейте алатындығын іс жүзінде көрсетті. 6 голдың арқасында SD Family бірінші айналымда ең көп гол соққан клуб ретінде танылды.

 

«Алтай» - «Қайсар Жас» - 1:1

Голдар: Бақытжан Маликов, 72 минут (1:0), Темірлан Мурзагалиев, 74 минут (1:1)

Алаңнан қуылған: Руслан Дүйсенбаев, 90+5 минут («Қайсар-Жас»)

Вахид Масудов келгелі «Алтай» клубы 3 матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Осы жолы өскемендіктерге жеңіске жетуге мүмкіндік болып еді. Себебі, «Қайсар Жас» түзде сәтсіз ойнап, әрі көп гол жіберетін. Сондықтан бірінші таймнан алаң қожайындары шабуылға шықты. Алайда 28 жастағы қақпашы Нұрымжан Салайдин шеберлік танытып, бірнеше рет командасын құтқарып қалды. Тек екінші таймда ғана қосалқы құрамнан шыққан Бақытжан Маликов қақпашы қайтарған допқа бірінші жетіп, есеп ашты. Алайда қонақтар сирек шабуылдарымен араға 2 минут салып, тараз басын теңестірді. Қалған уақытта табло өзгеріс қалып, командалар тең тарқасты.

 

«Тараз» - «Жетісай» - 1:1

Голдар: Димаш Серікұлы, 14 минут (1:0), Ринат Серікқұл, 23 минут (1:1)

Алаңнан қуылған: Давранбек Сейітов, 57 минут («Тараз Ж»)

Жамбылдықтар жеңіске жетсе, «Жетісай» клубын қуып жетуші еді. Сондықтан алаң иелері барынша көп шабуылдап, команда сапындағы жарқын футболшы Димаш Серікұлы есеп ашты. Қонақтар да қарап қалмай, тараз басын теңестіріп үлгерді. Екінші таймда Давранбек Сейітов алаңнан қуылып кетсе де, қарсыласынан кем ойнамады. «Жетісай» осы маусымда сырт алаңда үшінші рет бір футболшыға артық ойнаса да, сол күйі жеңіске жете алмады.

 

«Каспий» - «Екібастұз» - 1:2

Голдар: Максим Галкин, 10 минут (0:1), Мирас Тұрлыбек, 53 минут (0:2), Арман Нүсіп, 90 минутта пенальти (1:2)

Ойынның алғашқы минуттарындағы қателікті тиімді пайдаланған Максим Галкин қонақтарды алға шығарды. Өз алаңында үнемі есеп ашып үйреніп қалған «Каспий» клубы бірден қарсылас қақпасын нысанаға алды. Бірақ 19 жастағы Мирас Рихард сыр бермей, сенімді һі таймда қонақтар есепті еселеген һсоң, ақтаулықтар шабуылды үдетіп,ғү алыстан да қақпаны көздеумен болды. Тек 89-шы минутта ғана «Каспий» пенальти орындауға мүмкіндік алып, есепті қысқарта алды. Нәтижесінде «Екібастұз» 2 айдан кейін сырт алаңда 3 ұпай ала алды.

 

Айта кетейік, «Ақтөбе Ж» - «Ақжайық» арасындағы матч оралдық команданың ойынға келе алмауына байланысты өтпеді. 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 16-шы тур ойындары 17-19 шілде аралығында өтеді.