KZ
KZ RU
28 мамыр 2024 18:18
OLIMPBET КУБОК

Кубоктың жартылай финалы: «Атырау» мен «Тобыл» екінші жыл қатарынан кездеседі

28 мамыр 2024 18:18

Футболдан 29 мамыр күні OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының алғашқы жартылай финалдық матчтары өтеді.

 

«Тобыл» - «Атырау»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Өтетін жері: Орталық стадион (Қостанай қ.)

Төрешілер: Кучин Артем (Қарағанды), Бельский Евгений (Тараз), Конивец Артем (Қарағанды)

VAR төрешісі: Сахи Данияр (Қызылорда)

AVAR төрешісі: Тергеусізов Самат (Алматы)

Қосалқы төреші: Гриценко Иван (Қостанай)

Инспектор: Түсеев Бағдат (Астана)

Қай кезеңде кездескен?

2023 жыл. Жартылай финал. Жеңімпаз – «Тобыл»

2021 жыл. Топтық кезең. 2 матчта да «Тобыл» жеңді.

2018 жыл. 1/4 финал. Жеңімпаз – «Атырау»

2011, 2006 жыл. 1/8 финал. Жеңімпаз – «Тобыл»

Командалар екінші жыл қатарынан жартылай финалда жолдары түйіспек. 2023 жылғы қос матчта да қостанайлықтар 1:0 есебімен басым түскен болатын. Нәтижесінде «Тобыл» OLIMPBET Қазақстан кубогы мен OLIMPBET Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды. Осы жылы «Тобыл» қайта басты фавориттің қатарына кіріп тұр. Өткен демалыс күндері өткен 1XBET QFL Лига кубогы атты жаңа турнирде «Тобыл» барлық негізгі құрам ойыншыларына демалыс беріп, «Жеңіске» жол берген болатын. Ал «Атырау» соңғы уақытта «Қайрат», «Астана», «Ордабасымен» кездесіп үлгерді. Олардың физикалық шыдамдылығы қаншалықты жетер екен?

 

«Ақтөбе» - «Елімай»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: QFL.KZ, Q Football мен Q League телеарналары

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төрешілер: Сәриев Болат (Орал), Лабашов Денис, Калачев Сергей (екеуі де Атырау)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR төрешісі: Васютин Сергей (Алматы)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Ордабаев Құрманбек (Түркістан обл.)

Бірінші рет кездеседі.

Былтырғы «Ақтөбенің» экс-бапкері Андрей Карпович пен қорғаушы Дмитрий Шомко енді Ақтөбе қаласына қарсылас ретінде барады. Клубтар маусым алдында 1XBET Winter Cup турнирінің қола жүлдесі үшін таласып, ақтөбеліктер пенальти сериясында 3:2 есебімен басым түскен болатын. Қалай дегенмен, бұл жұпта нақты фаворитті айту өте қиын. Себебі, «Елімай» мен «Ақтөбе» OLIMPBET QFL Премьер-лигада 15 ұпаймен бастапқы орындарда қатар тұр. Семейліктер кейінгі 9 ойынның 7-уінде жеңіске жетіп, екеуінде тең тарқасқан. Өткен аптада да клубтар 1ХВЕТ QFL Лига кубогының бастапқы кездесулерінде сенімді түрде 3 ұпайларын еншіледі.