KZ
KZ RU
14 маусым 2024 16:16
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Премьер-лига оралды: «Ақтөбе» көш басында қала ала ма?

14 маусым 2024 16:16

Екі апталық үзілістен кейін OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 11-ші туры қайта жанданады. Ал көрермен бірнеше өте тартысты матчтарға куә болмақ.

 

15 маусым

 

«Шахтер» - «Атырау»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды қ.)

Төрешілер: Тасыбаев Айдын (Астана), Якбаров Ринат, Серикболов Данияр (Семей)

VAR төреші: Суликанов Саят (Ақтөбе)

AVAR төреші: Орунбаев Илашбек (Түркістан облысы)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Гриджан Юрий (Алматы)

«Атырау» клубы екінші мәрте қатарынан Қарағанды қаласына бет бұрады. Өткен турда олар «Жеңістің» алаңы саналатын қарағандының стадионында осы маусымдағы бірінші сырттағы жеңісін тіркеген болатын. Жалпы атыраулықтар қонақта тек «Қайраттан» ғана 0:1 есебімен жеңілген. Оның өзінде пенальтиді сала алмаған болатын. Ал «Шахтер» барлық 7 ұпайын тек өз стадионында ғана алып келеді. Азулы «Астана» мен «Тобылды» тізе бүктірді. Ендігі кезек - «Атырау».

 

«Қайсар» - «Тұран»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда қ.)

Төрешілер: Чеховский Георгий (Астана), Филипчук Евгений (Шымкент), Магау Наргис (Алматы)

VAR төреші: Карабаев Саят (Астана)

AVAR төреші: Панин Максим (Қостанай)

Қосалқы төреші: Айжігітов Ғалымжан (Қызылорда)

Инспектор: Бақберген Исағали (Шымкент)

«Қайсар» клубы OLIMPBET QFL Премьер-лиганы өте нашар бастағанымен, кейінгі екі айда мүлдем жеңілмеді. Өздерінен мықты деген «Қайрат», «Тобылды» жеңсе, сырт алаңда «Астанамен» тең тарқасты. Соңғы минуттарда ең көп гол соғатын қызылордалық осы нәтиженің арқасында турнир кестесіне ортасына жетіп алды. «Тұран» футболшылары аутсайдер саналғанымен, олар 2 жеңісін де сырт жерде еншіледі. Сондықтан алдын-ала «Қайсардың» жеңеді деп, толық сеніммен айтуға болады.

 

«Тобыл» - «Қайрат»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Қостанай қ.)

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Жүнісов Нұржан (Астана) Жақсылық Төребек (Қызылорда)

VAR төреші: Тевяшов Денис (Орал)

AVAR төреші: Калачев Сергей (Атырау)

Қосалқы төреші: Гриценко Иван (Костанай)

Инспектор: Салий Павел (Оскемен)

Мамыр айы қостанайлықтар үшін өте сәтсіз болды. Олар OLIMPBET QFL Премьер-лигада 3 рет қарсыласына жол берді. Сырт алаңда «Ордабасыдан» жеңілу қалыпты болғанымен, «Шахтер» және «Қайсарға» ұпай ұстату сенсация саналады. Сондықтан да «Тобыл» бас бапкері Милич Чурчичпен қош айтысты. Енді команданы уақытша Нұрбол Жұмасқалиев жаттықтырады. Ол бұған дейін 2019 жылы «Тобылды» баптап, 4 жеңіс, 1 тең нәтиженің арқасында тамыз айының ең үздік бапкері номинациясын жеңіп алған болатын. Бірақ алдағы қарсылас та осал емес. Тізгінді енді ғана ұстаған Александр Кержаков бірінші рет сырт алаңда ойнайды. Командалардың статистикасына көз салсақ, кейінгі екі матчта «Қайрат» Қостанайда жеңілмеген.

 

16 маусым

 

«Жетісу» - «Жеңіс»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)

Төрешілер: Горда Данил (Көкшетау), Бейжанов Рустам (Петропавл), Лесив Станислав (Семей)

VAR төреші: Кучма Антон (Көкшетау)

AVAR төреші: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Измайлов Денис (Талдықорған)

Инспектор: Бублинский Николай (Қарағанды)

«Жетісу» Талдықорғандағы стадионда ойнағалы бері қарсыласын 3 рет жеңіп, бір мәрте тең түсті. Сондықтан алаң иелері сөзсіз фаворит екендігі анық. «Жеңіс» сырт алаңда тек «Тобылдан» ғана 1 ұпай ала алды. Бірақ астаналықтарды жаңа бапкер Акис Вавалис жаттықтырады. Өткен турда бас бапкер өзгеріс жасауға уақыттың аз екендігін айтса, енді оларда екі апталық үзіліс болды. «Жеңіс» қарсыласына не ұсына алар екен?

 

«Астана» - «Ордабасы»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Кучин Артем (Караганда), Бельский Евгений (Тараз), Кольев Евгений (Павлодар)

VAR төреші: Абдуллаев Бағдат (Тараз)

AVAR төреші: Филоненко Дмитрий (Тараз)

Қосалқы төреші: Омаров Рустам (Алматы)

Инспектор: Жуковский Геннадий (Атырау)

Осы турдағы басты матчтардың бірі саналғанымен, «Астана» мен «Ордабасы» сапынан көптеген футболшылар ұлттық құрамаларына шақырылды. Сондықтан командалар тас-түйін болады деп айта алмаймыз. Командалар 2023 жылы 5 мәрте жолығып, 4-уі «Астананың» пайдасына шешілген еді. Алайда «Астана» 27 сәуірден бері жеңістің дәмін татпай келеді. Ал «Ордабасы» OLIMPBET QFL Премьер-лигада соңғы рет 31 наурыз күні «Қайратқа» есе жіберген болатын.

 

«Елімай» - «Ақтөбе»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Ноженко Сергей (Талдықорған), Васютин Сергей, Тергеусізов Самат (Алматы)

VAR төреші: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы)

AVAR төреші: Лабашов Денис (Атырау)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Кенетаев Сергей (Астана)

Алдағы бір аптада Семей тұрғындары екі мәрте турнир кестесінің көшбасшысы «Ақтөбеге» қарсы ойынды өз стадиондарынан тамашалайды. Әзірше «Елімай» өз жерінде ешкімнен жеңілмеді. Жанкүйерлердің қолдауы да сұрапыл. Бірақ «Ақтөбе» осы маусымда сырт алаңда ең көп ұпай жинаған команда екендігін де ескерейік. Егер ақтөбеліктер ұпай жоғалтса, 1-ші орыннан айырылады. Қос команда үшін де жеңіс өте маңызды.