30 қаңтар 2025 22:00
Qazaqstan Football League мен клуб басшыларының онлайн-конференциясының қорытындысы бойынша баспасөз-релизі
30 қаңтар 2025 22:00
2025 жылғы 30 қаңтар, Астана – Qazaqstan Football League (QFL) құрамына кіретін Қазақстанның барлық кәсіби футбол лигаларынан 28 құрылтайшы клуб қатысқан онлайн-конференция барысында жарыстарды ұйымдастыру құқығына қатысты мәселе қаралды.
Конференция барысында клубтардың басшылары барлық мүдделі тараптардың пікірін ескерместен, қысқа мерзім ішінде қолданыстағы жүйені өзгертуге болмайтынын және мұндай шешімдер маусым басталғанға дейін алдын ала конструктивті диалог негізінде қабылдануы керектігін мәлімдеді. Бұл бастама конференцияның басқа қатысушылары тарапынан қолдау тауып, ҚФФ-ның біржақты шешіміне қарсы негізгі дәлел ретінде қабылданды.
Сонымен қатар, QFL президенті Ерлан Джамантаев Лиганың барлық құрылтайшы клубтардың мүдделерін ескере отырып, келісімшарттық міндеттемелердің ашық орындалуына аса назар аударды. Сондай-ақ, Лига мен ҚФФ-ның демеушілік және жарнамалық келісімдерден түсетін табыстарындағы клубтардың үлесін арттыру қажеттілігі атап өтілді. Бұл өз кезегінде өтінімдік жарналардың біртіндеп төмендеуіне және клубтардың қаржылық жүктемесінің азаюына алып келеді.
Конференцияға қатысушылар QFL-дың қазақстандық және халықаралық серіктестермен жасалған барлық келісімшарттық міндеттемелерінің қатаң сақталуы қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, ҚФФ-ның асығыс қабылдаған бастамасы Лиганың беделіне орасан зор нұқсан келтіріп, FIFA, UEFA және European Leagues сияқты халықаралық футбол ұйымдарының сынына ұшырауы мүмкін екендігі ескертілді.

Басқа жаңалықтар