KZ
KZ RU
23 шілде 2024 12:29
ЕКІНШІ ЛИГА

QFL Екінші лигасы: Маусым айында үздік ойыншы мен бапкер атағы кімге бұйырды?

23 шілде 2024 12:29
Qazaqstan Football League 2024 жылдың маусым айындағы QFL Екінші лигасының үздік ойыншысы мен бапкерін назарыңызға ұсынады. «Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «үздік бапкер» номинациясы иегерінің тағдырын шешті. 

«Оңтүстік-Батыс» конференциясында маусым айының үздік футболшысы ретінде тағы да AKAS клубының шабуылшысы Сергей Гридин танылды. Ол команданың 2 ойынына қатысып, 2 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Турнирдің үздік сұрмергені бұған дейін сәуір мен мамыр айында да номинацияны жеңіп алған болатын. Үздік бапкер атағы да футболшының бапкері Анатолий Зазуляға бұйырды. Клуб 2 кездесуде де сенімді жеңіске жетіп, 34 ұпаймен турнир кестесінде топ бастап тұр. 

«Солтүстік-Шығыс» конференциясында маусым айындағы үздік футболшысы атағына Ertis командасының шабуылшысы Руслан Есімов иелік етті. 34 жастағы ойыншы 2 матчта доп теуіп, 1 гол соқты. Қазіргі таңда сұрмергендер тізімінде 4-орында тұр. Ал үздік бапкер атағын «Шахтер Ж» командасын тізгіндейтін Максим Самченко жеңіп алды. Қарағандылықтар қазір 32 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. 

QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!