20 тамыз 2024 16:15
ЕКІНШІ ЛИГА
QFL Екінші лигасы: шілде айында кімдер үздік деп танылды?
20 тамыз 2024 16:15
Qazaqstan Football League 2024 жылдың шілде айындағы QFL Екінші лигасының үздік ойыншысы мен бапкерін назарыңызға ұсынады. «Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» номинациясы иегерінің тағдырын шешті.
«Оңтүстік-Батыс» конференциясында шілде айының үздік футболшысы болып «Оңтүстік» клубының 20 жастағы шабуылшысы Мағжан Тоқтыбай танылды. Ол команданың 5 ойынына қатысып, 2 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Қазіргі сәтте футболшы 11 голмен үздік сұрмергендердің тізіміне кіріп тұр. Үздік бапкер атағы бірдей дауыс жинаған «Жас Қыран» бапкері Асхат Қадырқұлов пен «Оңтүстік» бапкері Андрей Вагановқа бұйырды. «Жас Қыран» барлық 5 кездесуде жеңіске жетсе, «Оңтүстік» ұжымы 4 матчта қарсыластарын қапы қалдырды.
«Солтүстік-Шығыс» конференциясында шілде айындағы үздік футболшысы атағына «Ертіс» командасының шабуылшысы Арман Смаилов иелік етті. 27 жастағы шабуылшы 5 матчта доп теуіп, 6 гол соқты. Қазіргі таңда сұрмергендер тізімінде 2-ші орында тұр. Ал үздік бапкер атағын бірдей дауыс жинаған «Ақсу» бас бапкері Рахман Асуханов пен «Ертіс» командасын тізгіндейтін Николай Гавриш жеңіп алды. «Ақсу» 5 ойынның үшеуінде басым түссе, «Ертіс» мүмкін болған 15 ұпайдан 13 ұпай жинап, турнир кестесінің екінші орынында тұр.
QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!

Басқа жаңалықтар