KZ
KZ RU
20 қыркүйек 2024 17:13
ЕКІНШІ ЛИГА

QFL Екінші лигасы: Тамыз айында үздік ойыншы мен бапкер атағы кімге бұйырды?

20 қыркүйек 2024 17:13
Qazaqstan Football League 2024 жылдың тамыз айындағы QFL Екінші лигасының үздік ойыншысы мен бапкерін назарыңызға ұсынады. «Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» номинациясы иегерінің тағдырын шешті.                                 

«Оңтүстік-Батыс» конференциясында тамыз айының үздік футболшысы ретінде AKAS клубының ойыншысы Дархан Меделхан танылды. Ол команданың барлық ойынына қатысып, 4 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Қазіргі сәтте жартылай қорғаушы ТОП-10 сұрмерген мен нәтижелі пас берушінің қатарына кіріп тұр. Үздік бапкер атағы да AKAS клубының жаттықтырушысы Анатолий Зазуляға бұйырды. Клуб 4 кездесудің үшеуінде сенімді жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді.  Айта кетейік, Анатолий Зазуля осы маусымда екінші рет «Үздік бапкер» атағын жеңіп алды.                                

«Солтүстік-Шығыс» конференциясында тамыз айындағы үздік футболшысы атағына «Ертіс» командасының жартылай қорғаушысы Владимир Воменко иелік етті. 29 жастағы ойыншы 4 матчқа қатысып, 3 нәтижелі пас берді. Қазіргі сәтте футболшы үздік нәтижелі пас беруші атағын иеленіп тұр. Ал үздік бапкер атағын «Шахтер Ж» командасын тізгіндейтін Максим Самченко жеңіп алды. Қарағандылықтар 4 кездесуде жеңіп қана қоймай, қақпаларына мүлдем гол жібермеді. Қазіргі сәтте бұл команда 51 ұпаймен турнир кестесінің бірінші орынында тұр. Бұл бапкер сәуір мен маусым айында да осы номинацияны жеңіп алған.

QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!