20 қазан 2024 10:00
ЕКІНШІ ЛИГА
QFL Екінші лигасы: қыркүйек айында кімдер үздік деп танылды?
20 қазан 2024 10:00
Qazaqstan Football League 2024 жылдың қыркүйек айындағы QFL Екінші лигасының үздік ойыншысы мен бапкерін назарыңызға ұсынады. «Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» номинациясы иегерінің тағдырын шешті.
«Оңтүстік-Батыс» конференциясында қыркүйек айының үздік футболшысы ретінде AKAS клубының 37 жастағы шабуылшысы Сергей Гридин танылды. Ол команданың барлық ойынына қатысып, 3 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Гридин турнирдің үздік сұрмергені атағын жеңіп алып, осы маусымда төртінші мәрте айдың үздік футболшысы атанды. Ал үздік бапкер атағы «Жас Қыран» клубының жаттықтырушысы Асхат Қадырқұловқа бұйырды. Клуб барлық кездесуде сенімді жеңіске жетіп, турнирдің күміс жүлдесіне ие болды. Айта кетейік, Қадырқұлов шілде айында да «Үздік бапкер» атағын жеңіп алған болатын.
«Солтүстік-Шығыс» конференциясында қыркүйек айындағы үздік футболшысы атағына Ertis командасының 27 жастағы шабуылшысы Арман Смайылов иелік етті. Ол барлық матчқа қатысып, 6 гол соқты және үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға тұрақтады. Үздік бапкер атағын Ertis командасын тізгіндейтін Николай Гавриш жеңіп алды. Оның жетекшілігімен павлодарлық клуб қалған ойындарда жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа қолжеткізді. Арман Смайылов пен Николай Гавриш шілде айында да осы номинацияны жеңіп алған.
QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!

Басқа жаңалықтар