KZ
KZ RU
16 шілде 2024 11:00

QFL ойындарын 600 мыңнан астам көрермен тамашалады

16 шілде 2024 11:00
Qazaqstan Football League-сының көптеген турнирлері бел ортасынан асты. Ал барлық турнирлердің ойындарын стадионнан тамашалау үшін, 600 мыңнан астам жанкүйер жиналды. 1 наурыз бен 14 шілде күндері аралығындағы статистикаға назар аударсақ, өз клубтарын қолдауға 616 362 адам барған. Айта кетейік, QFL бірінші рет осы маусымда 8 турнир (OLIMPBET QFL Премьер-лигасы, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасы, OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы, 1ХВЕТ QFL Лига кубогы , OLIMPBET QFL Қазақстан Суперкубогы, QFL Екінші лигасы, QFL Әйелдер кубогы, QFL Әйелдер лигасы) өткізуде. 

Дәстүрге сәйкес, көрермендер OLIMPBET QFL Премьер-лигасының кездесулеріне қатты қызығушылық танытады. Тек қана жоғары дивизионның ойындарын стадионнан тамашалауға 342 мыңнан астам адам жиналған. Оның артынша 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында 86 мыңнан астам жанкүйер бас қосты. Ал OLIMPBET QFL Қазақстан кубогындағы тартыстарды көруге 82 мыңнан астам көрермен қызығушылық танытты. 

Осы маусымда футболдан ел чемпионатында рекорд та тіркелді. OLIMPBET QFL Премьер-лигасы аясындағы 5-ші турда «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы матчты көруге Алматыдағы Орталық стадионда 22 804 адам жиналды. Сондай-ақ OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының ширек финалында Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда «Ордабасы» - «Ақтөбе» кездесуін 17 083 көрермен тірідей куә болды. «Ақтөбе», «Елімай» және «Ертіс» клубтарының өз үйіндегі әр матчы үнемі жанкүйерлерге лық толы болады. 

Әрине, отандық футболды стадионнан және теледидардан көріп, жанкүйер болудың арқасында клубтарымыз жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылып, тартысты матчтарды ұсынады. Qazaqstan Football League өз клубтарын соңына дейін қолдайтын барлық жанкүйерлерге алғыс айтады. Біз сіздерді QFL-дің алдағы ойындарында асыға күтеміз!