KZ
KZ RU
11 наурыз 2025 13:00

QFL президенті Ерлан Джамантаев 50-ші Еуропалық лигалар Бас ассамблеясына қатысты

11 наурыз 2025 13:00
QFL президенті Ерлан Джамантаев 2025 жылғы 4-6 наурыз аралығында Германияның Франкфурт қаласында өткен 50-ші Еуропалық лигалар Бас ассамблеясына қатысты. Аталған іс-шараға 40 ұлттық лиганың өкілдері мен футбол индустриясының жетекші ұйымдарының басшылары жиналып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді, футбол басқаруы мен дамуының жаңа бағыттарын талқылады.

Жиын барысында испандық LALIGA-ның Еуропалық лигалар құрамына толыққанды мүше ретінде қайта қосылғаны ресми түрде расталды. Сондай-ақ, 2025-2029 жылдарға арналған жаңа төрт жылдық цикл басталып, ұйымның жаңа президенті, вице-президенті және директорлар кеңесі сайланды. Еуропалық лигалардың президенті болып Швейцария футбол лигасының басшысы Клаудиус Шефер, ал вице-президенті болып Англия Премьер-лигасының өкілі Матье Морей тағайындалды.

QFL президенті Ерлан Джамантаевтың осы беделді жиынға қатысуы Қазақстан футболының халықаралық аренадағы беделін нығайтуға және ұлттық лиганың Еуропалық әріптестерімен өзара қарым-қатынастарын дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.