KZ
KZ RU
28 шілде 2024 14:50
ӘЙЕЛДЕР ЛИГАСЫ

QFL Әйелдер лигасы: Маусымның жартысы қалай өтті?

28 шілде 2024 14:50

QFL Әйелдер лигасының 10 турының қорытындысы бойынша, «БИІК-Шымкент» ұпайдан шашау шығармай, турнир кестесінде сенімді түрде көш бастап тұр. 

 

QFL Әйелдер лигасының бірінші айналымы бойынша көрсеткіштер:

 

- «БИІК-Шымкент» клубы ғана барлық ойында жеңіске жетті.

- 10 тур өтсе де, әзірше бірде-бір тең есеп тіркелмеді.

- 10 турда жалпы 88 гол соғылды. Оның басым бөлігі «БИІК-Шымкент» клубына тиесілі (35 гол). Команданың көшбасшысы Гульнара Габелия 15 голмен қарсыластарынан әлдеқайда озып тұр.

- Жалпы 30 сары қағаз көрсетіліп, 2 футболшы алаңнан қуылды. «Оқжетпес» пен «Ордабасы» командалары әзірше ең дөрекі (7 сары қағаз, 1 қызыл қағаз) ұжымдардың қатарына кіріп тұр.

- Допқа талас бойынша «Ордабасы» ұжымы көш басында (636 мәрте допты тартып алған).

- Ең көп дриблинг жасайтын клуб – «БИІК Шымкент». Осы клубтың жартылай қорғаушысы Джастис Твенебоа 29 мәрте сәтті дриблинг жасаған.

- Жалпы 7 пенальти белгіленді. Ең көп 4 рет тепкен – «Ақтөбе».

- Ең көп 50 соққыны «Оқжетпес» қақпашысы Айтач Файзуллаева қайтарған. Алайда 32 гол өткізіп алған.

 

Айта кетейік, QFL Әйелдер лигасының 11-ші тур ойындары 1 тамызда өтеді. Ойындарды тікелей эфирде Q Football, Q Arena, Q League телеарналары, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және Q Football мобильді қосымшасынан тамашалай аласыз.