KZ
KZ RU
12 қыркүйек 2024 15:00

Самат Смақов пен Станислав Черчесов балалармен ашық жаттығу өткізеді

12 қыркүйек 2024 15:00

Отандық футболдың аңызы Самат Смақов пен футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов «ALAŇ» жобасының амбассадоры ретінде таңдалды. 2023 жылы Қазақстан футбол федерациясы Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстандағы футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасын іске қосқан болатын. Үш жылға арналған бағдарламаға УЕФА қолдау көрсетеді. Жобаның бас серіктесі - 1XBET компаниясы.

Ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов отандық футболдың болашағы үшін инфрақұрылымның маңыздылығын түсінеді. Оның «ALAŇ» жобасына қатысуы бұл бағдарламаға қызығушылықты арттырып, қоғамда спорттық жобалардың өзектілігін көрсетеді.

«Жобаға қуана қатысудамын. Оның үстіне алаңдар өте қажет деген қалаларда ашылуда. Мысалы, Алматыдағы ЦСКА стадионына барып, сапасының жоғары екендігіне көз жеткіздім», - деді Самат Смақов.

Айта кетейік, 2023 жылы «ALAÑ» жобасы аясында Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Жетісу облысында алаңдар өңделген болатын. Ал жақын арада Петропавлда «Динамо» стадионы қолданысқа беріліп, жыл соңына дейін Ақсу, Саран, Өскемен, Аягөз, Балқаш, Атбасар, Жезқазған, Қызылорда сынды тағы 8 қалада жоба жалғасады. Амбассадорлар жобаны тек насихаттап ғана қоймай, сондай-ақ жасыл алаңның ашылу салтанатына да қатысады. 

«Футбол алаңы шынымен де жоғары сапада. Бастысы - осы стадионда шараларды жиі өткізіп, балалар мен жасөспірімдерге толтыруымыз қажет. Сонда ғана ұлттық құрамаға резерв жасақталады», - деп Станислав Черчесов Петропавлдағы «Динамо» алаңының ашылу салтанатында ойын түйіндеді.

«ALAŇ» жобасы республикамыздағы бұқаралық футболды дамытуға және спорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Өңірлерде футбол алаңдарының ашылуы барысында Самат Смақов пен Станислав Черчесов қолтаңба беріп, балалармен ашық жаттығу өткізеді. Жобаның құрылысы мен толығырақ ақпаратты ALAÑ-ның YouTube арнасындағы арнайы бейнекүнделіктерінен көре аласыз.