KZ
KZ RU
16 мамыр 2024 13:38
ӘЙЕЛДЕР ЛИГАСЫ

17 мамыр күні QFL Әйелдер лигасы басталады

16 мамыр 2024 13:38
17 мамыр мен 4 қазан аралығында QFL Әйелдер лигасының ойындары өтеді. Ел чемпионы атағы үшін «Ақтөбе», «БИІК-Шымкент», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Томирис-Тұран» әйелдер футбол клубтары талас жүргізеді. Лига 4 айналымнан тұрып, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау және Түркістан қалаларында өтеді. 

QFL Әйелдер лигасы аясында 20 тур және 40 матч жоспарланып, әр клуб әр қарсыласпен төрт мәрте кездеседі. Турнир жұма күні QFL Әйелдер кубогының қола жүлдегері «Ордабасы» мен түркістандық «Томирис-Тұран» арасындағы ойынмен басталады. Матчтар Шымкент қаласындағы «Биік» спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, QFL Әйелдер лигасының ойындарын QFL.KZ сайты және Q Football, Q Arena телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыз.