KZ
KZ RU
13 қыркүйек 2024 13:55
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

«Түркістан» клубына 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 23-ші турында техникалық жеңіліс берілді

13 қыркүйек 2024 13:55
1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 23-ші туры аясында өтуге тиіс болған «Екібастұз» - «Түркістан» ойынына «Түркістан» футбол клубының келмеуіне байланысты командаға 3:0 есебімен техникалық жеңіліс берілді. Бұндай шешім 2024 жылдың 11 қыркүйегінде өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырысында қабылданды. 

Айта кетейік, аталмыш кездесу 2024 жылдың 5 қыркүйегінде Екібастұз қаласындағы «Шахтер» стадионында өтуі тиіс еді.